Матай Chapter 2

For English

Read Матай Chapter 2 Online

Read Матай Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Матай and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Матай 2

Тарау 2

1. Иса Иродтың патшалық құрған заманында Яһудея аймағындағы Бетлехем қалашығында дүниеге келді. Біраздан кейін Иерусалимге шығыс өлкесінен жұлдыз санаушы ғұламалар сапарлап келіп:

2. «Яһудилердің жаңа туған Патшасы қайда екен? Біз Оның жұлдызының шығыс жақтан туып, жарқырағанын көрдік. Жаңа туған Патшаға ізет білдіру үшін келіп тұрмыз», — деп сұрастыра бастады.

3. Ирод патша мұны естігенде қатты абыржып, онымен бірге Иерусалимнің бүкіл халқы да мазасызданды.

4. Патша елдің барлық басты діни қызметкерлері мен дін мұғалімдерін жинап алып, оларға: — Мәсіх қай жерде дүниеге келуге тиіс? — деген сұрақ қойды.

5. Олар былай деп жауап берді: — Яһудея аймағындағы Бетлехемде дүниеге келуге тиіс. Себебі (Миха) пайғамбар Құдайдың мына сөздерін жазып қалдырды:

6. «Ал сен, Яһуда жеріндегі Бетлехем, Яһуданың басты қалаларының арасындағы ең маңызсызы емессің: сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады».

7. Сонда Ирод жат жерлік ғұламаларды астыртын шақыртып алып, жұлдыздың аспанда қашан көрінгені туралы сұрап, біліп алды.

8. «Барып, осы Бала туралы мұқият сұрастырып біліңдер, Оны тапқан соң маған хабарлаңдар! Мен де барып, Оған ізет білдірейін», — деп, оларды Бетлехемге жіберді.

9. Ғұламалар патшаны тыңдап алып, жолға шығып кетті. Міне, қызық! Өздері бұрын шығыс жақтан көрген жұлдыз алдарында жылжып отырып, ең соңында Нәресте жатқан жердің үстінен тоқтады.

10. Жұлдызды байқаған олардың қуаныштары қойындарына сыймады.

11. Үйге кіргенде анасы Мәриямның қасындағы Нәрестені көрген ғұламалар жерге жүгіне кетіп, Оған иіліп ізет білдірді. Содан олар алып келген сандықшаларын ашып, Сәбиге сый-тартуларын: алтын әрі жұпар шайыр мен мүр атты хош иісті заттарды ұсынды.

12. Мұнан кейін ғұламалар көрген түстерінде Құдайдан «Иродқа қайта оралмаңдар!» деген бұйрық алғандықтан, өз елдеріне басқа жолмен қайтып кетті.

13. Ғұламалар кетіп қалғаннан кейін, Жаратқан Иенің періштесі Жүсіпке түсінде аян беріп: «Тұр, Нәресте мен анасын алып, Мысырға қашып құтылыңдар! Өзім айтқанға дейін сол жерде қала беріңдер. Себебі Ирод Нәрестені өлтіру үшін іздемекші», — деді.

14. Сонда Жүсіп орнынан тұрып, түн ішінде Сәбиді анасымен бірге алып, Мысыр еліне жөнелді.

15. Олар Ирод өлгенге дейін Мысырда тұрақтап қалды. Осылайша Жаратқан Иенің (Ошия) пайғамбар арқылы: «Мен рухани Ұлымды Мысырдан шақырып алдым» дегені жүзеге асты.

16. Жатжерлік ғұламалардың өзінен амалын асырып кеткенін түсінгенде Ирод долдана ашуланып, жасақшыларын жіберіп, Бетлехемдегі және соның маңайындағы екі жасқа дейінгі ер балалардың бәрін де өлтіртті. Бұл жасты ол ғұламалардан біліп алған мезгілге сәйкес белгілеген еді.

17. Сонда Құдайдың Еремия пайғамбар арқылы жіберген мына хабары іске асты:

18. «Рамақ жерінде зор қайғы-қасіреттен Дауыс естіледі зар еңіреген. Рахила өлген балаларын жоқтап, Жұбанудан бас тартады зар жылап: Келмеске кетті олар көздері құрып!»

19. Ирод патша өлгеннен кейін, Жаратқан Иенің періштесі Мысырда Жүсіпке түсінде аян беріп:

20. «Тұр, Нәресте мен анасын алып, Исраилге қайтыңдар! Себебі Нәрестенің өмірін құртқысы келгендер өлді», — деді.

21. Жүсіп орнынан тұрып, Нәресте мен анасын алып, Исраил еліне қайта оралды.

22. Алайда ол Яһудеяға әкесі Иродтың орнын басып Архелайдың билік құрғанын естіді. Сондықтан Жүсіп сол аймаққа барудан қорықты. Көрген түсінде Құдайдан алған бұйрыққа сай Жүсіп Ғалилея аймағына жөнелді.

23. Сол жердегі Назарет қаласына барып, сонда орын тепті. Пайғамбарлар жазбаларында (Мәсіх туралы) мынадай сөздер алдын ала айтылған еді: Ол назареттік деп аталатын болады. Бұл осылайша жүзеге асты.

About Матай Chapter 2

Read Матай Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Матай
Chapter: 2
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Матай. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Матай Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Матай Chapter 2?

Матай Chapter 2 is part of the Book of Матай in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Матай Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Жаңа өсиет

  1. Жохан Chapter 4
  2. Жохан Chapter 1
  3. Жохан Chapter 9
  4. Жохан Chapter 8
  5. Жохан Chapter 7
  6. Жохан Chapter 3
  7. Жохан Chapter 5

Explore More from матай

  1. Матай Chapter 3
  2. Матай Chapter 27
  3. Матай Chapter 5
  4. Матай Chapter 9
  5. Матай Chapter 13
  6. Матай Chapter 4
  7. Матай Chapter 25

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 102
  2. Руларды санау Chapter 10
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 6
  4. Забур жырлары Chapter 78
  5. Леуіліктер Chapter 20
  6. Ишая Chapter 63
  7. Матай Chapter 10
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *