Матай Chapter 18

For English

Read Матай Chapter 18 Online

Read Матай Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Матай and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Матай 18

Тарау 18

1. Сол уақытта шәкірттері Исаның қасына келіп: — Құдай Патшалығында кімнің жолы ең үлкен? — деген сұрақ қойды.

2. Иса бір кішкентай баланы шақырып алып, орталарына тұрғызып қойды да, былай деді:

3. — Сендерге шындығын айтайын: теріс пікірлеріңнен қайтып, бала сияқты (кішіпейіл) болмасаңдар, Құдайдың Патшалығына кіре алмайсыңдар!

4. Кім өзін осы жас бала сияқты кіші тұтса, Құдай Патшалығында соның жолы ең үлкен.

5. Кім Менің атымнан осындай бір сәбиді қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны.

6. Ал кім Маған сенетін осы кішкенелердің біреуін азғырып теріс жолға түсірсе, сол адам үшін мойнына диірменнің тасы байланып, теңіздің тұңғиығына батырылғаны жақсырақ болар еді-ау!

7. Осы күнәкар дүние адамдарды теріс жолға азғырғаны үшін қасіретке ұшырайды! Азғыратын жағдайлардың болатыны сөзсіз, бірақ азғыру кімнен шықса, сол қасіретке қалады!

8. (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) — Егер сені өз қолың не аяғың (секілді өте қажетті нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын! Екі қол, екі аяқпен мәңгілік тозақ отына лақтырылғаннан гөрі сыңар қол-аяқпен мәңгілік өмірді иемденгенің саған артық болар еді.

9. Егер де сені көзің (секілді өте құнды нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін ойып, лақтырып тасталған сияқты жоқ болсын! «Екі көзіңмен» тозақ отына лақтырылғаннан гөрі «сыңар көзбен» мәңгілік өмірді иемденгенің саған артық болар еді.

10. Сақ болыңдар, осы кішкенелердің бірде-біреуін менсінбей жүрмеңдер! Сендерге айтамын: олардың періштелері көктегі Әкемнің келбетін әрдайым көріп тұрады.

11. (Мен, Құдай тағайындаған Билеуші, тура жолдан адасып кеткендерді құтқаруға көктен келдім.)

12. Мынаған қалай қарайсыңдар: Бір бағушының жүз қойы болып, солардың біреуі адасып кетсе, ол не істемек? Тоқсан тоғыз қойын қырат басында қалдырып, адасып кеткенін іздеп шықпай ма?

13. Сендерге шын айтамын: оны тапса, адаспаған тоқсан тоғызынан гөрі, табылған оған көбірек қуанады!

14. Дәл сол сияқты, көктегі Әкелерің де осы кішкенелердің ешқайсысының адасып, тозаққа түсуін қаламайды!

15. Егер бауырласың саған қарсы күнә жасаса, оған барып, істегені туралы оңаша сөйлесіп, әшкереле. Егерде айтқаныңа құлақ асса, бауырласыңды қайтадан тапқаның.

16. Ал егер тыңдамаса, қасыңа бір-екі кісі ертіп алып, оған тағы бар. Осылай әрбір сөз екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденсін.

17. Егерде оларға да құлақ аспаса, бұл туралы сенушілер қауымына айтып бер. Ал егер қауымды да тыңдамаса, онда оған Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамына не күнәкар салықшыларға қарағандай қара.

18. Сендерге шындығын айтамын: жер бетінде тыйым салғандарыңды да, рұқсат еткендеріңді де көктегі Әкем бекітпек.

19. Сендерге мынаны да айтамын: жер бетінде екеуің келісіп, қай нәрсені болса да көктегі Әкемнен сұрасаңдар, Ол соны бермек.

20. Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын.

21. Сонда Петір Исаның қасына жақындап: — Мырза, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе? — деп сұрады.

22. Иса: — Саған айтамын: жеті емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін, — деп жауап берді.

23. — Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас: Бір патша қызметкерлерінен есеп алмақшы болады.

24. Есеп ала бастағанда оның алдына он мың ат басындай күміске борышты қызметкерін алып келеді.

25. Қарызын төлейтін ештеңесі болмағандықтан, патша оның өзін, әйелін, бала-шағасы мен мал-мүлкін түгел сатып, содан түскен ақшамен қарызын өтеуге бұйырады.

26. Сонда қызметкер патшаның аяғына жығылып: «Тақсыр, маған сәл мұрсат бере көріңіз, мен бәрін де төлеймін!» деп жалынады.

27. Қызметкеріне жаны ашыған патша оны босатып, бүкіл қарызын да кешіреді.

28. Қызметкер далаға шыққан соң, бір қызметтес жолдасын кездестіреді. Бұл адам оған тек бір жүз күміс теңгеге ғана борышты. Алайда қызметкер оны алқымынан алып, қылғындыра бастап: «Дәл қазір маған берешегіңді қайтар!» деп талап етеді.

29. Қарыздар жолдасы аяғына жығылып: «Маған сәл мұрсат бере көр, мен бәрін де төлеймін!» деп жалынады.

30. Бірақ ол күткісі келмей, әлгіні қарызын төлегенше түрмеге жапқызады.

31. Мұны көрген өзге жолдастары қатты наразыланып, патшаға барып, болған оқиғаны айтып береді.

32. Сонда патша сол қызметкерін шақырып алып: «Әй, зұлым қызметші! Сен өтінгендіктен, мен қарызыңды түгелдей кешірдім ғой!

33. Ендеше сен де дәл солай жолдасыңды кешіруге тиіс емес пе едің?!» дейді.

34. Патша қаһарланып, оны қарызын толық өтегенше жазалаушыларға тапсырады.

35. Міне, егер сендер бауырластарыңның күнәларын шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем әрқайсыларыңа да солай істемек!

About Матай Chapter 18

Read Матай Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Матай
Chapter: 18
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Матай. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Матай Chapter 18 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Матай Chapter 18?

Матай Chapter 18 is part of the Book of Матай in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Матай Chapter 18 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Жаңа өсиет

  1. Жохан Chapter 4
  2. Жохан Chapter 1
  3. Жохан Chapter 9
  4. Жохан Chapter 8
  5. Жохан Chapter 7
  6. Жохан Chapter 3
  7. Жохан Chapter 5

Explore More from матай

  1. Матай Chapter 12
  2. Матай Chapter 1
  3. Матай Chapter 23
  4. Матай Chapter 4
  5. Матай Chapter 10
  6. Матай Chapter 28
  7. Матай Chapter 7

Related Chapters & Readings

  1. 2 Қорынттықтарга Chapter 9
  2. Әйүп Chapter 27
  3. Ишая Chapter 60
  4. Забур жырлары Chapter 145
  5. Еремия Chapter 17
  6. Марқа Chapter 12
  7. Билер Chapter 8
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *