Езра Chapter 1

For English

Read Езра Chapter 1 Online

Read Езра Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езра in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езра and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Езра 1

Тарау 1

1. Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы алдын ала айтқан сөзінің жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды:

2. «Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады.

3. Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам Яһудадағы Иерусалимге өрлеп барып, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге, яғни (жер бетіндегі тұрағы) Иерусалимде болатын Құдайға, арнап киелі үй салсын! Баратын әркімге Құдайы жар бола көрсін!

4. Осы халықтан тірі қалғандарға олар қазір тұрып жатқан әрбір жердің адамдары алтын-күміс пен мал-мүлік беріп көмектессін! Сонымен қатар көршілері оларды Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйіне арналған ерікті тартулармен де қамтамасыз етсін!»

5. Сонда Құдай Яһуда мен Бунямин руларының бірсыпыра әулет басшылары, діни қызметкерлер және леуіліктердің жүректеріне Иерусалимге өрлеп көшіп барып, Жаратқан Иенің киелі үйін қайта тұрғызуға түрткі салды.

6. Күллі көршілері бұларға алтын-күміс бұйымдар, мал-мүлік және басқа да қымбат сыйлықтар берді. Сонымен қатар оларға киелі үйге арналған ерікті сый-тартуларын да табыстады.

7. Бабыл патшасы Набуходоносор кезінде Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алып кетіп, өз тәңірінің ғибадатханасына әкеліп қойған бұйымдарды Кир патша содан шығартып алдыртты.

8. Кир патша өзінің қазынашысы Митредатқа тапсырма беріп, ол сол бұйымдарды Яһуда халқының басшысы Шешбасарға тізім бойынша табыстады.

9. Сол бұйымдардың тізімі мынау: отыз алтын табақ, бір мың күміс табақ, жиырма тоғыз пышақ,

10. отыз алтын тостаған, төрт жүз он қалпы бірдей күміс тостаған және бір мың басқа бұйымдар.

11. Алтын-күміс бұйымдардың жалпы саны бес мың төрт жүз дана болды. Жер аударылғандардың көші Бабыл елінен Иерусалимге кері оралғанда, Шешбасар осылардың бәрін өзімен бірге алып барды.

About Езра Chapter 1

Read Езра Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езра in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Езра
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езра. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Езра Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Езра Chapter 1?

Езра Chapter 1 is part of the Book of Езра in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Езра Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from езра

  1. Езра Chapter 5
  2. Езра Chapter 3
  3. Езра Chapter 4
  4. Езра Chapter 2
  5. Езра Chapter 8
  6. Езра Chapter 10
  7. Езра Chapter 7

Explore More from Ескі өсиет

  1. Патшалықтар 3-ж Chapter 9
  2. Билер Chapter 5
  3. Еремия Chapter 27
  4. Ишая Chapter 61
  5. Шежірелер 1-ж Chapter 12
  6. Патшалықтар 1-ж Chapter 17
  7. Мысырдан шығу Chapter 8

Related Chapters & Readings

  1. Заңды қайталау Chapter 19
  2. Забур жырлары Chapter 29
  3. Еремия Chapter 10
  4. Шежірелер 1-ж Chapter 22
  5. Ешуа Chapter 23
  6. Мысырдан шығу Chapter 29
  7. Езекиел Chapter 31
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *