Read Езекиел Chapter 31 Online
Read Езекиел Chapter 31 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езекиел and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Езекиел 31
Тарау 31
1. Он бірінші жылдың үшінші айының бірінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
2. «Ей, пендем, Мысыр патшасы перғауынға және оның шулы әскеріне мынаны жеткіз: Сенің ұлылығыңмен кім теңесе алады?
3. Ассур патшалығына назар сал! Ол да Ливандағы заңғар биік, төбесі тіпті бұлттарға дейін жететін самырсын іспетті болған еді. Оның көрікті бұтақтары орманды жауып тұратын.
4. Өзендер оған ылғалын беріп, терең су көздері оны биік қылып өсірді. Оның отырғызылған жерін өзендер айналдыра ағып, ормандағы барлық ағаштарға да тармақтарын бағыттап жіберді.
5. Осылайша сол самырсын өте зәулім болып өсіп, айналасындағы бүкіл ағаштардан да биік болып кетті. Оның суы мол болғандықтан, өркендері ұзарып, жайыла өсе берді.
6. Әуеде ұшатын құстардың бәрі осы самырсынның бұтақтарына ұяларын салып, оның көлеңкесінде күллі аңдар төлдерін өрбітетін. Демек, оның саясын бүкіл үлкен ұлттар паналап тұрды.
7. Осылайша сол ағаш өзінің жайыла өскен бұтақтарымен керемет көрікті болатын, өйткені оның тамырлары тереңдегі мол суға жететін.
8. Құдайдың бағындағы өзге самырсындар онымен теңесе алмас еді, қарағайлардың бұтақтарын да онікімен салыстыруға болмайтын. Оның бұтақшаларымен салыстырғанда шынар ағаштары түк емес болатын. Құдайдың бағындағы ешбір ағаштың көркі онікіне тең келе алмас еді.
9. Мен сол самырсынға көптеген бұтақ беріп, оны соншама көрікті қылдым. Құдайдың Едем бағында өскен барлық басқа ағаштар оны қызғанатын.
10. Ал енді, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Осы самырсын ағашы заңғар биік боп өсіп, төбесі тіпті бұлттарға дейін жетіп, өзінің биіктігіне тәкаппарланып кетті.
11. Сондықтан да Мен оны халықтардың әміршісіне тапсырдым, ол самырсынға зұлымдығына сай шара қолданды. Мен сол ағашты лақтырып тастадым.
12. Ұлттардың ішіндегі ең айбынды шетелдіктер оны шауып құлатып, тастап кетті. Ағаштың сынып қалған бұтақтары елдің барлық таулары мен сай-салаларында, өзен тармақтарында шашылып жатты, ал жердегі күллі ұлттар оның саясын тастап, кетіп қалды.
13. Оның қалдығына аспандағы барлық жыртқыш құстар қонып, бұтақтарына даладағы аңдар өрмеледі.
14. Сонымен су бойында өсіп, төбесі бұлттарға дейін жетсе де, ешбір «ағаш» заңғар боп асқақтап кетпесін! Себебі пенделердің бәріне де ажал төніп, ақыр соңында олар ең қарапайымдармен бірге қабірге түседі».
15. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ассур о дүниеге аттанған күні Мен тұңғиықтың өзін ол туралы қайғыратын қылып, оны жауып тастадым; жер асты суларын ақпайтын етіп, ағыл-тегіл сарқыраған бұлақтарды тоқтатып қойдым. Ассурға бола Ливанды қара түнекпен жаптым, әрі даладағы ағаштар қурап қалды.
16. Мен Ассурды о дүниеге кететін өзгелермен бірге сонда аттандырғанда, Ассурдың құлаған даусымен басқа ұлттарды дірілдеттім. Сонда Едемнің барлық ағаштары, тіпті Ливанның ең таңдаулы, ең жақсылары әрі молынан суарылған сол ағаштардың барлығы да о дүниеде жұбаныш тапты.
17. Ассурдың саясында өмір сүрген одақтас ұлттар да құрыды. Олар да семсерден қаза тапқандарға қосылып, Ассурмен бірге о дүниеге түсті.
18. Уа, Мысыр, Едемнің ағаштарының қайсысының ұлылығы мен салтанаты сенікіне тең келе алады? Алайда сен де Едемнің ағаштарымен бірге о дүниеге түсірілесің! Сен сүндеттелмегендердің әрі семсерден қаза тапқандардың арасында жататын боласың. Перғауын мен оның шулы әскерінің тағдыры осы болмақ!» — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие.
About Езекиел Chapter 31
Read Езекиел Chapter 31 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Езекиел
Chapter: 31
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езекиел. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Езекиел Chapter 31 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Езекиел Chapter 31?
Езекиел Chapter 31 is part of the Book of Езекиел in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Езекиел Chapter 31 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from езекиел
- Езекиел Chapter 24
- Езекиел Chapter 37
- Езекиел Chapter 7
- Езекиел Chapter 44
- Езекиел Chapter 36
- Езекиел Chapter 33
- Езекиел Chapter 41
Explore More from Ескі өсиет
- Мысырдан шығу Chapter 37
- Забур жырлары Chapter 22
- Нехемия Chapter 1
- Еремия Chapter 16
- Зәкәрия Chapter 13
- Езекиел Chapter 22
- Уағыздаушы Chapter 8