Read Мысырдан шығу Chapter 27 Online
Read Мысырдан шығу Chapter 27 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Мысырдан шығу and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Мысырдан шығу 27
Тарау 27
1. Шалынған құрбандықтарды түгелдей өртейтін үстелді аққарағаннан жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан болсын.
2. Оның төрт бұрышынан шығып тұрған мүйіз тәрізді төрт шошақ құрбандық үстелімен біртұтас жасалсын. Үстел қоламен қапталсын.
3. Үстелдің мына құрал-саймандарының бәрін қоладан жасат: күлсалғыштар мен қалақтар, (қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар.
4. Отқа арналған торды да қоладан жасат.
5. Оның төрт бұрышында төрт қола шығыршығы болсын. Торды үстелдің төрт қабырғасының ортасына дейін жететіндей етіп, ішкі жағынан, астынан орналастырт.
6. Үстелге арнап аққарағаннан қоламен қапталған сырықтар жасат.
7. Олар сол шығыршықтарға кіргізіліп, құрбандық үстелін көтеріп алып жүрген кезде оның екі бүйірінде болмақ.
8. Сонымен құрбандық үстелін қоламен қапталған тақтайлардан, оның ішін қуыс етіп жасат. Ол өзіңе осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасалуға тиіс.
9. Киелі шатырдың ауласын жасат:
10. оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын.
11. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат.
12. Ауланың батыс жағының ұзындығы елу шынтақ болып, оның перделері он тағанға орнатылған он бағанаға ілініп қойылсын.
13. Ауланың кіреберісі орналасқан шығыс жағы да елу шынтақ болсын.
14. Кіреберістің екі жағындағы перделердің ұзындығы он бес шынтақтан болып, әрқайсысы үш тағанға орнатылған үш бағанаға ілінсін.
16. Ал аула кіреберісінің өзіне арнап ұзындығы жиырма шынтақ перде тоқыт. Ол қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден түрлі өрнектермен кестеленіп тоқылсын. Пердені іліп қою үшін төрт тағанға орнатылған төрт бағана дайындат.
17. Ауланы қоршап тұрған барлық бағаналар бір-бірімен күміс сырықтармен байланыстырылсын. Ілгіштері күміс, тағандары қола болсын. Ауланың ұзындығы жүз, ені елу, ал перделердің биіктігі бес шынтақ болсын. Олар жіңішке зығыр жіптен тоқылсын.
19. Киелі шатырдың әр түрлі жұмыстарға қолданылатын барлық басқа құрал-жабдықтары, ауланы қоршаған бағаналар және шатырдың өзін бекітуге қажетті күллі қазықтар да қоладан жасалсын.
20. Шам қойғыштың шамдары ұдайы жанып, жарық қылулары керек. Сол үшін исраилдіктерге зәйтүн жемісінен келіде түйіп сығып алынған таза май әкелуге тапсырма бер.
21. Кездесу шатырындағы Келісім сандығының алдында ілінген шымылдықтың сыртқы жағында, Жаратқан Иенің алдында, Һарон мен оның ұлдары күн батқаннан таң атқанша шамдардың жанып тұруын қамтамасыз етсін. Бұл — Исраил халқының болашақ ұрпақтарына берілген тұрақты ереже.
About Мысырдан шығу Chapter 27
Read Мысырдан шығу Chapter 27 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Мысырдан шығу
Chapter: 27
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Мысырдан шығу. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Мысырдан шығу Chapter 27 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Мысырдан шығу Chapter 27?
Мысырдан шығу Chapter 27 is part of the Book of Мысырдан шығу in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Мысырдан шығу Chapter 27 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from мысырдан шығу
- Мысырдан шығу Chapter 38
- Мысырдан шығу Chapter 10
- Мысырдан шығу Chapter 1
- Мысырдан шығу Chapter 30
- Мысырдан шығу Chapter 14
- Мысырдан шығу Chapter 9
- Мысырдан шығу Chapter 31