Ефестіктерге Chapter 6

For English

Read Ефестіктерге Chapter 6 Online

Read Ефестіктерге Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ефестіктерге in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ефестіктерге and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Ефестіктерге 6

Тарау 6

1. Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс.

2. «Ата-анаңды сыйла!» Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті:

3. «Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың».

4. Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!

5. Басыбайлы қызметшілер, Мәсіхке мойынсұнғандай, жер бетіндегі қожайындарыңа да шын жүректен мойынсұнып, жамандық жасаудан шошыныңдар!

6. Айтқандарын тек көңілдерінен шығу үшін, олар сендерді бақылап тұрғанда ғана емес, ұдайы жан-тәндеріңмен орындай беріңдер! Осылай Құдайдың еркін Мәсіхтің қызметшісі ретінде іске асырыңдар!

7. Сөйтіп қызметтеріңді адамға емес, Иемізге арнағандай ынтамен атқарыңдар.

8. Мейлі басыбайлы, мейлі ерікті болсын, әркімнің істеген игі істерінің лайықты сыйын Иемізден алатынын біліп қойыңдар.

9. Ал сендер, қожайындар, қызметшілеріңе осылай қарап, қатаңдықты жұмсартыңдар! Көкте олардың да, өздеріңнің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер. Ол ешкімнің бет-жүзіне қарамайды.

10. Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!

11. Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар!

12. Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.

13. Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.

14. Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар!

15. «Аяқкиімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар!

16. Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар;

17. құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»!

18. Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!

19. Сөйлеген сайын Ізгі хабардың құпиясын қаймықпай жариялауыма қажетті сөз аузыма түссін деп, мен үшін де мінажат етіңдер!

20. Бұл хабарды жеткізуге жіберілген елші ретінде осы жерде бұғаудамын. Сондықтан оны тиісті түрде батыл жариялай алуымды Құдайдан тілеңдер.

21. Сүйікті бауырымыз әрі Иеміздің адал қызметшісі Түхік менің жағдайым мен қызметім туралы білулерің үшін сендерге бәрін хабарламақ.

22. Түхікті сол мақсатпен жіберіп отырмын. Ол жағдайымызды білдіріп, жүректеріңді жігерлендірмек.

23. Лайым Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх барлық бауырластарға тыныштық, сүйіспеншілік және сенім сыйлай көрсін!

24. Иеміз Иса Мәсіхті шын беріле сүйгендердің бәріне Құдай жар болып, рақымын жаудыра берсін!

About Ефестіктерге Chapter 6

Read Ефестіктерге Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ефестіктерге in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Ефестіктерге
Chapter: 6
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ефестіктерге. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Ефестіктерге Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Ефестіктерге Chapter 6?

Ефестіктерге Chapter 6 is part of the Book of Ефестіктерге in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Ефестіктерге Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from ефестіктерге

  1. Ефестіктерге Chapter 3
  2. Ефестіктерге Chapter 2
  3. Ефестіктерге Chapter 5
  4. Ефестіктерге Chapter 4
  5. Ефестіктерге Chapter 1

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Матай Chapter 3
  2. Марқа Chapter 9
  3. Аян Chapter 17
  4. Титке Chapter 2
  5. Матай Chapter 24
  6. Матай Chapter 20
  7. Қолостықтарга Chapter 2

Related Chapters & Readings

  1. Заңды қайталау Chapter 34
  2. Лұқа Chapter 16
  3. Матай Chapter 17
  4. Шежірелер 2-ж Chapter 2
  5. 2 Петірдің Chapter 1
  6. Аббақұқ Chapter 2
  7. Езекиел Chapter 13
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *