Read Римдіктерге Chapter 16 Online
Read Римдіктерге Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Римдіктерге in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Римдіктерге and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Римдіктерге 16
Тарау 16
1. Сендерге бауырласымыз Фөбе апайды ұсынамын, ол — Кеніхреядағы қауымның қызметшісі.
2. Оны Иеміздің кісісі ретінде Құдайдың адамдарына лайықты қабылдап, мұқтаж нәрселерімен қамтамасыз етіңдер! Бұл кісі көп адамдарға қамқорлық жасап келеді, солардың арасында мен де бармын.
3. Мәсіх Исаның қызметіндегі әріптестерім Прискила мен Ақилаға сәлем айтыңдар.
4. Олар мен үшін өмірін қиюға дайын болды. Бұған өзім ғана емес, басқа халықтардың күллі қауымдары да алғыс айтуда. Екеуінің үйінде бас қосатын қауымға да сәлемімді жеткізіңдер.
5. Азия өлкесінде Мәсіх жолына түскен алғашқылардың бірі болған сүйікті Епенетке де сәлем.
6. Сендер үшін жан аямай қызмет еткен Мәриямға да сәлем айтыңдар.
7. Түрмеде бірге отырған ағайындарым Андроник пен Юнияға да сәлем. Елшілер арасында абыройлары ерекше, олар менен бұрын Мәсіхтің жолына түсті.
8. Иемізбен байланысымыздағы ерекше жақсы көретін бауырласым Амплиға да сәлем.
9. Мәсіхтің қызметіндегі әріптесіміз Ұрбанға және қымбатты досым Стахиға сәлемімді жеткізіңдер.
10. Мәсіхке деген сенімі дәлелденген Апеллеске де сәлем. Аристобулдың отбасына сәлем айтыңдар.
11. Туысқаным Иродионға, Иеміздің қарамағындағы Нарқистың үй ішіндегілерге де сәлем.
12. Иеміз үшін құлшына жұмыс істеп жүрген Трифена мен Трифозаға сәлем айтыңдар; Иеміз үшін көп еңбек сіңірген қымбатты Персидаға да сәлем.
13. Иеміздің таңдаулысы Руфқа және оның маған да ана болған шешесіне сәлем.
14. Асинкіритке, Філегонға, Ерімге, Патробқа, Ермиге және олармен бірге бас қосатын бауырластарға да сәлем жолдаймын.
15. Филолог пен Юлияға, Нире мен оның қарындасына және Олимпанға, сондай-ақ олармен бірге жиналатын Құдайдың барлық адамдарына да сәлем айтыңдар.
16. Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп, сәлемімізді жеткізіңдер. Мәсіхтің осындағы барлық қауымдары сендерге сәлем жолдауда.
17. Бауырластарым, сендерге өтіне айтарым: жік шығарып, өздеріңе үйреткен ілімге қарсы араздық туғызушылардан сақ болып, аулақ жүріңдер!
18. Мұндайлар Иеміз Иса Мәсіхке қызмет етпейді, қайта, қарындарының ғана қамын ойлап, жағымпазданып, майда да сылдыр сөздерімен тәжірибесіздерді алдайды.
19. Сендердің Құдайға мойынсұнғандықтарың әлемге әйгілі болды. Сондықтан сендер үшін қуаныштымын, әрі жақсылыққа дана, жамандықтан аулақ болуларыңды тілеймін.
20. Тыныштық сыйлайтын Құдай жуық арада әзәзіл шайтанды аяқтарыңа жығып бермек. Иеміз Иса Мәсіх сендерге жар болып, рақымын жаудыра көрсін! Аумин.
21. Қызметкерім Тімоте және ағайындарым Лұси, Ясон және Сосипатыр сәлем айтуда.
22. Осы хатты (Пауыл үшін) қағазға түсіріп отырған мен, Терти, Иса Мәсіхпен жүрген сендерге сәлем жолдаймын.
23. Маған және бүкіл қауымға қонақжайлылық танытқан Гайдан да сәлем. Осы қаланың қазына бастығы Ераст пен бауырласымыз Кварт та сәлем айтуда.
24. (Бәріңе де Иеміз Иса Мәсіх жар болып, рақымын жаудыра көрсін! Аумин.)
About Римдіктерге Chapter 16
Read Римдіктерге Chapter 16 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Римдіктерге in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Римдіктерге
Chapter: 16
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Римдіктерге. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Римдіктерге Chapter 16 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Римдіктерге Chapter 16?
Римдіктерге Chapter 16 is part of the Book of Римдіктерге in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Римдіктерге Chapter 16 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 9
- Жохан Chapter 4
- Жохан Chapter 1
- Жохан Chapter 8
- Жохан Chapter 7
- Жохан Chapter 5
- Жохан Chapter 3
Explore More from римдіктерге
- Римдіктерге Chapter 1
- Римдіктерге Chapter 10
- Римдіктерге Chapter 8
- Римдіктерге Chapter 14
- Римдіктерге Chapter 15
- Римдіктерге Chapter 6
- Римдіктерге Chapter 7