Read Матай Chapter 22 Online
Read Матай Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Матай and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Матай 22
Тарау 22
1. Иса халыққа астарлы әңгімелер арқылы тәлім беруін жалғастырды. Оларға былай деді:
2. «Құдай Патшалығындағы жағдайды мынаумен салыстыруға болады: бір патша баласының үйлену тойын өткізуге дайындалыпты.
3. Содан ол шақырған кісілерін алып келуге қызметшілерін жібереді. Алайда сол адамдардың келгілері келмейді.
4. Патша басқа қызметшілерін жұмсап: — Шақырылғандарға айтыңдар, мен қонақасымды әзірлеп қойдым, өгіздер мен бордақыланған торпақтар сойылып, бәрі дайын тұр. Тойға келе беріңдер! — дегізеді.
5. Бірақ олар шақыруды елемей, біреуі егіндік жеріне, біреуі саудасына кетіп қалады.
6. Тағы басқалары қызметшілерін ұстап алып, қорлап, өлтіріп тастайды.
7. Мұны естіген патша қаһарланып, әскерін жұмсап, әлгі кісі өлтірушілердің көздерін құртып, олардың қаласын өртеп жібереді.
8. Содан кейін қызметшілеріне: — Той дайын, ал шақырылғандар оған лайықсыз болып шықты.
9. Енді жол тораптарына барып, кімді кездестірсеңдер, соларды тойға шақырып, алып келіңдер! — деген жарлық береді.
10. Жан-жаққа аттанған қызметкерлер кімді кездестірмесін — жаманын да, жақсысын да бәрін жинап алып келеді. Той болған үй адамдарға лық толады.
11. Патша келгендерді көруге кіргенде, тойға сай киім кимеген біреуді көріп,
12. одан: — Достым, мұнда той киімінсіз қалайша кірдің? — деп сұрайды. Ол үндемейді.
13. Патша нөкерлеріне: — Мынаның аяқ-қолын байлап, сыртқа, қара түнекке лақтырыңдар! — деп бұйырады. — Сонда ол зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады.
14. Себебі шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз».
15. Парызшылдар сол жерден кетіп, Исаны өз сөзінен ұстаудың жолын іздеп ақылдасты.
16. Оған Иродтың жақтастарымен бірге өз шәкірттерін жіберіп, мынадай қитұрқы сұрақты қойғызды: — Ұстаз, Сіздің әділ екеніңізді білеміз. Жұртты шынымен Құдай жолына үйретіп, біреуге жағыну ниетінен аулақсыз, ешкімнің де бет-жүзіне қарамайсыз.
17. Енді бізге айтыңызшы, қалай ойлайсыз, Рим патшасына алым-салық төлеуіміз дұрыс па, әлде бұрыс па? —
18. Олардың арам ойларын білген Иса: — Екі жүзділер, Мені азғырып сынамақсыңдар, ә?
19. Маған салыққа төлейтін бір күміс теңгені көрсетіңдерші! — деді. Олар Оған бір күміс теңге әкеліп берді.
20. Иса: — Мына сурет пен жазу кімдікі? — деп сұрады.
21. Олар: — Рим патшасынікі, — деп жауап берді. Сонда Иса: — Олай болса, патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер! — деп тұжырымдады.
22. Мұны естіген олар таңданып, Исаның қасынан кетіп қалды.
23. Саддукейлер өлімнен қайта тірілу жоқ дейтін. Сондықтан саддукейлер ұйымының кейбір мүшелері сол күні Исаға келіп, мына сұрақты қойды:
24. — Ұстаз, Мұса пайғамбар бізге (Тауратта) мынадай бұйрық берген: Егер үйленген біреу артынан бала қалдырмай өлсе, онда жесіріне ағасы не інісі үйленіп, марқұм бауыры үшін ұрпақ қалдырсын!
25. Арамызда жеті ағайынды жігіт бар еді. Солардың тұңғышы үйленіп, соңынан бала қалдырмай өлді. Жесіріне екіншісі әмеңгер болып үйленді.
26. Ал мұнымен де, үшіншісімен де, тіпті жетеуінің бәрімен де дәл осы сияқты болды.
27. Ақыры бәрінің соңынан әйел де көз жұмды.
28. Ендеше, қиямет күні қайта тірілгенде әйел осы жетеудің қайсысынікі болады? Ол солардың бәрінің де әйелі болған еді ғой! —
29. Бірақ Иса былай жауап қайырды: — Киелі жазбаларды және Құдайдың құдіретін ұқпағандықтан жаңылып жүрсіңдер!
30. Себебі өлімнен қайта тірілгеннен кейін адамдар әйел алмайды, күйеуге де шықпайды. (Сол жағынан) олар көктегі Құдайдың періштелері іспетті болады.
31. Ал өлгендердің қайта тірілуі жайында Құдайдың (Тауратта):
32. «Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын» дегенін оқымап па едіңдер? Демек, Ол — өлгендердің емес, тірілердің Құдайы!
33. Мұны естіген халық Исаның тәліміне таңғалды.
34. Исаның саддукейлерді үндетпей қойғанын естігенде, парызшылдар бас қосып жиналды.
35. Кейін олардың біреуі, Таурат заңын үйретуші ғұлама, Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болып Оған мына сұрақты қойды:
36. — Ұстаз, Таураттағы ең ұлы өсиет қайсысы? — Иса:
37. — «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!»
38. Бұл — ең ұлы да басты өсиет.
39. Ал екіншісі де сол сияқты маңызды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»
40. Бүкіл Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбалары осы екі өсиетке негізделген, — деді.
41. Қасына жиналған парызшылдарға Иса:
42. — Мәсіх туралы не ойлайсыздар, Ол кімнің Ұрпағы болады? — деген сұрақ қойды. Олар: — Дәуіттің Ұрпағы! — деді.
43. Сонда Иса: — Ендеше неліктен Дәуіт Киелі Рухтың жетелеуімен Мәсіхті «Ием» деп атады? Ол:
44. «Жаратқан Ие менің Иеме былай деп айтқан: Мен жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше отыр оң жағымда», — деген ғой.
45. Сонымен, Дәуіт (пайғамбар) Мәсіхті «Ием» деп атаса, қалайша Ол «Дәуіттің Ұрпағы» ғана болады? — деп сұрады.
46. Ешқайсысы Исаға жауап беріп, бір сөз де айта алмады. Бұдан кейін тағы басқа сұрақтар қоюға ешкімнің де батылы бармады.
About Матай Chapter 22
Read Матай Chapter 22 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Матай
Chapter: 22
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Матай. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Матай Chapter 22 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Матай Chapter 22?
Матай Chapter 22 is part of the Book of Матай in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Матай Chapter 22 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 4
- Жохан Chapter 1
- Жохан Chapter 9
- Жохан Chapter 8
- Жохан Chapter 7
- Жохан Chapter 3
- Жохан Chapter 5
Explore More from матай
- Матай Chapter 2
- Матай Chapter 11
- Матай Chapter 3
- Матай Chapter 15
- Матай Chapter 26
- Матай Chapter 25
- Матай Chapter 6