Read Аббақұқ Chapter 3 Online
Read Аббақұқ Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аббақұқ in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Аббақұқ and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Аббақұқ 3
Тарау 3
1. Аббақұқ пайғамбардың Құдайға еткен мінажаты; екпінді әуенмен айтылады.
2. Уа, Жаратқан, Сенің даңқың жайлы естігенмін, Ием, істеріңе қатты таңырқап келемін. Осы заманда да сондайларды жасай гөр, Тірі кезімізде оларды паш ете гөр, Қаһарыңда мейіріміңді ескере гөр.
3. Киелі Құдай Теманнан, Паран тауынан келді. Ұлы салтанаты Оның жапты күллі аспанды, Оны дәріптеген мадаққа жер беті кенелді.
4. Құдай нұры таң шапағындай жарқырады, Құдіретті қолынан сәулелер жалтырады.
5. Жаратқан Иенің алдында апат жүрді, Ал соңынан күйдіргіш індет те ерді.
6. Құдай тұра қалып, жерді сілкіндірді, Ол қарағанда халықтар дірілдеді. Ежелгі таулар опырылып құлады, Атам заманғы төбелер шөгіп қалды. Мәңгілік — Киелі Құдайдың жолдары!
7. Көрдім Құшанның абыржыған шатырларын, Дірілдеп қорыққан Мадиянның қостарын.
8. Уа, Жаратқан, өзендерге ашуландың ба, Қаһарың ағымдарға бағытталған ба? Сен аттарыңа мініп, атойлағанда Теңізге қарсы қатты қаһарландың ба? Жоқ, күймелеріңді жібердің құтқаруға!
9. Сен садағыңды қынабынан шығардың, Отты жебелерді уәдеңе сай дайындадың, Жер бетін сай-аңғармен бөліп тастадың.
10. Таулар Сені көргенде дүр сілкінді, Су тасқыны ағып өтіп лап берді, Түпсіз тұңғиық гүрілдеп күркіреді, Толқындары биікке көтерілді.
11. Ұшқан жебелеріңнің жарығында, Жалтыраған найзаңның жарқылында Тып-тыныш тұра қалды күн де, ай да.
12. Қаһарлана жер бетімен қадам бастың, Ашулана халықтарды таптадың.
13. Құтқаруға аттандың Сен халқыңды Және Өзің тағайындаған патшаңды. Зұлым елдің әміршісін күйреттің, Оны толықтай ұятқа қалдырдың.
14. Жау құйындай құйғытып бізді шашпақ болғанда, Тығылған байғұсты қуана жалмамақ болғанда, Қолбасшының басына өз найзасын сұғып алдың,
15. Аттарыңның тұяғымен теңізді таптадың, Зәулім су иірімі арқылы жол салдың.
16. Естігенде жүрегім дүрсілдей соқты, Зор гүрілден еріндерім қалтырады, Сүйектерім әлсіреп, күштен айырылды, Аяқ астым қалш-қалш етіп шайқалды. Ал бізді тонап, талан-таражға салған Елдің өзі апатқа ұшырап жатқан Күнді шыдамдылықпен тосатын болам.
17. Інжір ағаштары гүлдемесе де, Бақтарда жүзім шоқтары піспесе де, Зәйтүн ағаштары өнім бермесе де, Егістіктерден астық жиналмаса да, Қорада қой, табында мал қалмаса да,
18. Мен бәрібір Жаратқанға шаттанамын, Құтқарушы Құдайыма қуанамын.
19. Жаратушы Тәңір, күш-қуатым болады, Ием мені бұғыдай жүйрік қылады, Қырат жолмен жүруіме күш дарытады. (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.)
About Аббақұқ Chapter 3
Read Аббақұқ Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аббақұқ in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Аббақұқ
Chapter: 3
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Аббақұқ. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Аббақұқ Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Аббақұқ Chapter 3?
Аббақұқ Chapter 3 is part of the Book of Аббақұқ in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Аббақұқ Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from аббақұқ
Explore More from Ескі өсиет
- Шежірелер 2-ж Chapter 1
- Патшалықтар 3-ж Chapter 4
- Әйүп Chapter 18
- Ишая Chapter 33
- Ошия Chapter 9
- Забур жырлары Chapter 62
- Заңды қайталау Chapter 31