Read Жохан Chapter 2 Online
Read Жохан Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жохан in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жохан and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Жохан 2
Тарау 2
1. Екі күннен кейін Ғалилея аймағының Қана қаласында бір үйлену тойы болды. Исаның шешесі сонда еді,
2. Иса да шәкірттерімен бірге шақырылды.
3. Шарап таусылып қалып, Исаның шешесі Оған: — Олардың шарабы қалмады, — деді.
4. Иса: — Апа, Маған оны не үшін айтасыз? (Керемет жасау үшін көктегі Әкем белгілеген) уақытым әлі келген жоқ, — деп жауап берді.
5. Дегенмен шешесі қызметшілерге: «Ол не айтса, соны істеңдер!» — деп тапсырды.
6. Сол жерде яһудилердің дәстүрі бойынша діни тазару салтына арналған, ішіне он шелектей су сыятын алты тас күбі тұр еді.
7. Иса қызметшілерге: «Күбілерді суға толтырыңдар!» — деген тапсырма берді. Олар күбілерді суға ернеулете толтырды.
8. «Аздап алып, асабаға апарыңдар!» — деді Иса. Олар апарып беріп,
9. асаба шарапқа айналған әлгі суды татып көрді. Бірақ асаба оның қайдан екенін білген жоқ, мұны тек суды шөміштеп алған қызметшілер ғана білетін. Асаба таңғалды да, күйеу жігітті шақыртып алып:
10. «Әркім алдымен жақсы шарабын құяды, қонақтар қызып алған кезде оның төмендеу түрін береді. Ал сен ең жақсысын осы уақытқа дейін сақтап қойыпсың!» — деді.
11. Осылай Иса кереметтерінің алғашқысын Ғалилеядағы Қана қаласында жасап, Өзінің ұлылығын көрсетті. Содан шәкірттері Оған сенді.
12. Мұнан кейін Иса шешесі, інілері және шәкірттерімен бірге Қапарнаумға барып, сол қалада бірнеше күн тұрды.
13. Яһуди халқының Құтқарылу мейрамы жақындағанда, Иса Иерусалим қаласына өрлеп барды.
14. Ғибадатхана алаңында Ол (құрбандыққа шалынатын) бұқа, қой, көгершін сатушыларға және шетелдік ақшаны (зекет беру үшін жергілікті ақшаға) айырбастаушыларға назар салды.
15. Сосын Иса арқаннан қамшы өріп алып, сатушылардың бәрін қой, бұқаларымен бірге ғибадатхана ауласынан қуып шықты. Айырбастаушылардың ақшаларын шашып, үстелдерін аударып тастады.
16. Иса көгершін сатушыларға бұрылып: — Мыналарыңды бұл арадан алып кетіңдер! Көктегі Әкемнің киелі үйін базарға айналдырмаңдар! — деп бұйырды.
17. Сонда «Киелі үйіңнің қамын жеп, азапқа түсем» деп (Забурда алдын ала) жазылған сөздер шәкірттерінің естеріне түсті.
18. Ал яһуди басшылары Оған: — Осыны істеуге қақыңның барын қандай кереметпен дәлелдемексің? — деген сұрақ қойды.
19. Иса оларға: — Мына киелі үйді бұзыңдар, Мен оны үш күнде қайта тұрғызамын, — деп жауап қатты.
20. Яһудилер: — Бұл киелі үй қырық алты жыл бойы салынды. Ал Сен оны үш күннің ішінде қайта тұрғызбақшымысың? — деді.
21. Бірақ Иса «киелі үй» дегенде Өзінің денесі туралы айтқан еді.
22. Сондықтан Иса өлімнен қайта тірілген кезде шәкірттері Оның осылай дегенін естеріне түсіріп, Киелі кітапта жазылған және Исаның Өзі айтқан пайғамбарлық сөздерге сенді.
23. Құтқарылу мейрамы кезінде Иса Иерусалимде болғанда, Оның жасаған кереметтерін көрген көптеген адамдар Оған сенді.
24. Алайда бәрінің ойы мен ниеті құбылмалы екенін біліп, Иса оларға сене қоймады.
25. Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді.
About Жохан Chapter 2
Read Жохан Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жохан in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Жохан
Chapter: 2
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жохан. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Жохан Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Жохан Chapter 2?
Жохан Chapter 2 is part of the Book of Жохан in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Жохан Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 7
- Жохан Chapter 9
- Жохан Chapter 5
- Жохан Chapter 1
- Жохан Chapter 8
- Жохан Chapter 4
- Жохан Chapter 3
Explore More from жохан
- Жохан Chapter 3
- Жохан Chapter 20
- Жохан Chapter 19
- Жохан Chapter 12
- Жохан Chapter 18
- Жохан Chapter 11
- Жохан Chapter 13