Жохан Chapter 21

For English

Read Жохан Chapter 21 Online

Read Жохан Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жохан in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жохан and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Жохан 21

Тарау 21

1. Бұдан кейін Иса Тіберия көлінің жағасында тағы бір рет шәкірттеріне көрінді. Бұл былай болған еді:

2. Шимон Петір, Сыңарлас Тома, Ғалилеядағы Қана қаласынан шыққан Натанайыл, Зебедейдің ұлдары және Исаның тағы басқа екі шәкірті бәрі бірге болды.

3. Сонда Петір серіктеріне: — Мен балық аулауға бара жатырмын, — деді. — Біз де барайық, — деді олар. Содан барлығы сыртқа шығып, қайыққа мінді. Алайда сол түні олар түк те ұстай алған жоқ.

4. Таң сәріде Иса жағада тұрды, бірақ шәкірттері Оның Сол екенін білмеді.

5. Иса оларға: — Жігіттер, балықтарың бар ма? — деп үн қатты. Олар: — Жоқ, — деп жауап берді.

6. — Ауды қайықтың оң жағынан салыңдар, сонда біразын ұстайсыңдар, — деді Иса. Олар ауын тастаған соң, түскен балықтың көптігінен оны тартып шығара алмады.

7. Сол кезде Исаның жақсы көретін шәкірті Петірге: «Бұл — Иеміз ғой!» — деді. «Бұл — Иеміз ғой!» дегенді естігенде, сырт киімсіз жүрген Шимон Петір көйлегін буып алып, суға секірді.

8. Басқа шәкірттер де қайықпен жағаға беттеді, олар жағалаудан алыс емес, жүз метрдей жерде жүрген еді. Бұлар балыққа толы ауды сүйретіп келді.

9. Жағалауға шыққан олар күйген ағашпен жағылған отты, оның үстіндегі балық пен нанды көрді.

10. Иса оларға: «Қазір ұстаған балықтарыңнан әкеліңдер!» — деді.

11. Петір суға түсіп, үлкен-үлкен балыққа толы ауды жағалауға сүйреп шығарды, бір жүз елу үш балық бар екен. Балық сонша көп болса да, ау жыртылмапты.

12. Иса оларды: «Енді келіп, тамақтаныңдар!» — деп шақырды. Шәкірттердің ешқайсысының: «Кімсіз?» — деп сұрауға батылы бармады. Себебі олар Оның Иеміз екенін білді.

13. Иса келіп, нан алып, бұларға үлестіріп, балықтан да берді.

14. Бұл Исаның өлімнен қайта тірілгеннен кейінгі үшінші рет шәкірттеріне көрінуі еді.

15. Олар тамақтанып алғаннан кейін, Иса Шимон Петірден: — Жохан ұлы Шимон, сен Мені мыналарға қарағанда көбірек сүйесің бе? — деп сұрады. — Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой. — Тоқты-қозыларымды бақ!

16. Иса екінші рет: — Жохан ұлы Шимон, сен Мені сүйесің бе? — деп сұрады. — Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой. — Иса оған: — Қойларымды бағып жүр! — деп тапсырды.

17. Иса үшінші рет: — Жохан ұлы Шимон, сен Мені жақсы көресің бе? — деп сұрады. Иса: «Сен Мені жақсы көресің бе?» деп үшінші рет сұрағандықтан Петір мұңайып: — Ием, Сіз бәрін де білесіз, Сізді жақсы көретінімді де білесіз, — деді. Иса оған: — Қойларыма қарап жүр!

18. Саған өте маңызды шындықты айтамын: жас кезіңде сен беліңді өзің байлап, қалаған жағыңа бардың. Ал қартайғанда қолыңды созып тұрасың, сонда басқа біреу беліңді байлап, барғың келмеген жаққа еріксіз ертіп кететін болады, — деді.

19. Иса мұны Петірдің кейінірек қандай ажалмен өлетінін алдын ала білдіру үшін айтты. Сол өлімі арқылы ол Құдайдың ұлылығын паш ететін болды. Иса осыдан кейін оған: «Мен жүріп өткен жолмен жүр!» — деп тапсырды.

20. Петір артына бұрылып, Исаның жақсы көретін шәкіртінің ілесіп келе жатқанын көрді. Ол кешкі ас кезінде Исаның қасында жантайып жатып: «Мырза, Сізге опасыздық жасайтын сол адам кім?» — деп сұраған шәкірт еді.

21. Петір сол шәкіртті көргенде Исаға: — Ием, ал мынау ше? — деді.

22. Иса: — Қаласам, Мен қайтып келгенше ол осында болады, онда сенің не шаруаң бар? Өзің Мен жүріп өткен жолмен жүр! — деп жауап берді.

23. Бұдан кейін бауырластар арасында «сол шәкірт өлмейді» деген сөз тарады. Бірақ Иса Петірге «өлмейді» деп айтқан жоқ. «Қаласам, Мен қайтып келгенше ол осында болады, онда сенің не шаруаң бар?» деген еді.

24. Осының бәріне куә болып, барлығын жазып қалдырған — әлгі шәкірт. Біз оның куәлігінің шынайы екенін білеміз.

25. Исаның істеп кеткен көптеген басқа да істері бар. Олар туралы толықтай жазса, жазылуға тиісті кітаптар, менің ойымша, бұл дүниеге сыймас еді. (Аумин)

About Жохан Chapter 21

Read Жохан Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жохан in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Жохан
Chapter: 21
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жохан. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Жохан Chapter 21 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Жохан Chapter 21?

Жохан Chapter 21 is part of the Book of Жохан in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Жохан Chapter 21 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Жаңа өсиет

  1. Жохан Chapter 7
  2. Жохан Chapter 9
  3. Жохан Chapter 5
  4. Жохан Chapter 1
  5. Жохан Chapter 8
  6. Жохан Chapter 4
  7. Жохан Chapter 2

Explore More from жохан

  1. Жохан Chapter 13
  2. Жохан Chapter 12
  3. Жохан Chapter 17
  4. Жохан Chapter 10
  5. Жохан Chapter 7
  6. Жохан Chapter 18
  7. Жохан Chapter 1

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 55
  2. Лұқа Chapter 22
  3. 1 Қорынттықтарга Chapter 11
  4. Ишая Chapter 62
  5. Әйүп Chapter 38
  6. Ишая Chapter 33
  7. Жохан Chapter 16
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *