Зәкәрия Chapter 4

For English

Read Зәкәрия Chapter 4 Online

Read Зәкәрия Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Зәкәрия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Зәкәрия 4

Тарау 4

1. Менімен сөйлескен періште қайтып келіп, мені оятқандай сілкіп қалды.

2. Ол менен: — Не көріп тұрсың? — деп сұрады. Мен жауап беріп былай дедім: — Бір алтын шам қойғышты көріп тұрмын. Оның төбесінде майға арналған тостағаны және жеті май шамы әрі соларға байланған жеті түтікшесі бар.

3. Сондай-ақ, майға арналған тостағанның оң және сол жақтарында тұрған екі зәйтүн ағашын көріп тұрмын.

4. Мен өзіммен сөйлескен періштеден: — Мырзам, бұлар не екен? — деп сұрадым.

5. Ол маған: — Бұлардың не екенін сен білмейтін бе едің? — деген сауал қойды. Мен оған: — Жоқ, білмеймін, мырзам, — дедім.

6. Ол маған былай деп түсіндірді: — Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —

7. Мына заңғар тау не өзі? Зоробабелдің алдында заңғар тау іспетті зор қиыншылықтар жазықтай тегіс болады. Зоробабел ғимараттың соңғы тасын орнатқанда халық: «Нендей мейірім! Не деген рақым!» деп дауыстап мадақтайтын болады.

8. Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап:

9. «Осы киелі үйдің іргетасын Зоробабелдің өзі қалаған еді, оны бітіретін де өзі болады, — деді. — Осылайша Әлемнің Иесінің мені өздеріңе жібергенін анық білетін боласыңдар.

10. Ұсақ-түйек істер істеліп үлгерілген күнді кім менсінбейді? Болашақта адамдар Зоробабелдің қолына тіктегішін алып, құрылысқа кіріскенін көрген кезде қуанатын болады. Ал әлгі жеті май шамы бүкіл жер бетіне көз салып бәрін де көріп тұратын Жаратқан Иенің «көздерін» білдіреді».

11. Мұнан кейін мен періштеден: — Шам қойғыштың оң және сол жақтарындағы екі зәйтүн ағашы нені білдіреді? — деп сұрап,

12. тағы да мына сауалды қойдым: Алтын түсті зәйтүн майын шам қойғышқа қарай ағызатын екі алтын түтікшенің жанында екі зәйтүн бұтағы бар. Олар нені білдіреді? —

13. Періште менен: — Бұлардың не екендігін сен шынымен білмейсің бе? — деп сұрады. Мен: — Жоқ, білмеймін, мырзам! — деп жауап бердім.

14. Сонда ол маған: — Құдай осы екеуін Өзіне, бүкіл жер бетінің Иесіне, қызмет етуге май жағу рәсімінен өткізіп тағайындап қойған, — деді.

About Зәкәрия Chapter 4

Read Зәкәрия Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Зәкәрия
Chapter: 4
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Зәкәрия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Зәкәрия Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Зәкәрия Chapter 4?

Зәкәрия Chapter 4 is part of the Book of Зәкәрия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Зәкәрия Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from зәкәрия

  1. Зәкәрия Chapter 3
  2. Зәкәрия Chapter 11
  3. Зәкәрия Chapter 10
  4. Зәкәрия Chapter 12
  5. Зәкәрия Chapter 9
  6. Зәкәрия Chapter 1
  7. Зәкәрия Chapter 8

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 24
  2. Забур жырлары Chapter 98
  3. Руларды санау Chapter 27
  4. Елшілердің істері Chapter 11
  5. Заңды қайталау Chapter 13
  6. Еремия Chapter 46
  7. Руларды санау Chapter 15
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *