Read Патшалықтар 4-ж Chapter 1 Online
Read Патшалықтар 4-ж Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 4-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 4-ж and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Патшалықтар 4-ж 1
Тарау 1
1. Ахаб патша қайтыс болғаннан кейін, Моаб халқы Солтүстік Исраилге қарсы бас көтерді.
2. (Ахаб ұлы) Охозиях өзінің Самария қаласындағы сарайының жоғарғы бөлмесінің торынан құлап, қатты жарақаттанып қалған болатын. Сонда ол елшілерін жіберіп, оларға былай деп бұйырды: «Әкрон қаласына барып, сондағы жұрт құлшылық ететін Бағал-Зебуб есімді тәңірден: Осы жарақатымнан жазылар ма екенмін деп сұрап келіңдер!»
3. Ал Жаратқан Иенің періштесі тішбелік Ілиясқа мына тапсырманы берді: «Жиналып, Самария патшасының елшілерінің алдынан шық. Оларға: Исраилде Құдай жоқтай, сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубке неге бара жатырсыңдар?!
4. Сол үшін де Жаратқан Ие Охозияхқа мынаны айтады: Жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің! — дегенді жеткіз!» — Сонда Ілияс жолға шығып, тапсырманы орындады.
5. Елшілері қайтып келгенде, патша олардан: — Қалайша тез қайтып келдіңдер? — деп сұрады.
6. Олар былай деп жауап берді: — Алдымыздан бір адам шығып, бізге тіл қатып былай деді: Сендерді жіберген патшаға қайтып барып, оған: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жіберіп жатырсың?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің!» деген хабарды жеткізіңдер! —
7. Патша: — Сол адамның түрі қандай еді? — деп сұрады.
8. Олар: — Ол үстіне жүн шапан киіп, қайыс белбеумен белін буып жүреді, — деді. Сонда Охозиях: — Бұл — тішбелік Ілияс! — деп,
9. бір елубасын елу жауынгерімен бірге Ілиясты алып келуге жіберді. Елубасы адамдарымен көтеріліп барғанда, Ілияс бір төбе басында отыр екен. Елубасы оған былай деп бұйырды: — Ей, Құдайдың адамы! Патша саған: «Төмен түсіп, өзіме кел!» деп әмір етті. —
10. Ілияс оған жауап беріп: — Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп, оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды.
11. Енді патша басқа бір елубасын елу жауынгерімен бірге жіберді. Елубасы Ілиясқа бұйырып: — Ей, Құдайдың адамы! Патша саған: «Тез төмен түсіп, өзіме кел!» деп әмір етті, — деді.
12. Ілияс жауап беріп: — Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп, оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды.
13. Патша үшінші елубасын елу жауынгерімен бірге жіберді. Бұл елубасы төбе басына өрлеп барып, Ілиястың алдында тізесін бүгіп тағзым етіп, былай деп өтінді: — Уа, Құдайдың адамы, өзімнің өмірімді, мына елу құлыңыздың өмірін де мүсіркеп бағалай көріңіз!
14. Қараңызшы, аспаннан от түсіп, сол екі елубасын да жауынгерлерімен қоса жалмап қойды. Ал енді, менің өмірімді қия көріңіз!
15. Сонда Жаратқан Иенің періштесі Ілиясқа: «Оған еріп төмен түс, одан қорықпа!» — деп тапсырды. Ілияс орнынан тұрып, елубасымен бірге төмен түсіп, патшаға барды.
16. Оған былай деді: «Жаратқан Ие сізге мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жібердің?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің!»
17. Осылайша, Жаратқан Иенің Ілияс арқылы айтқан сөзіне сәйкес, Охозиях қайтыс болды. Оның орнын басатын ұлы болмағандықтан, (туған інісі) Жорам Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Бұл Яһуда еліне Жосапат ұлы Жорамның патшалық құрған екінші жылы орын алды.
18. Охозияхтың қалған іс-әрекеттері туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
About Патшалықтар 4-ж Chapter 1
Read Патшалықтар 4-ж Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 4-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Патшалықтар 4-ж
Chapter: 1
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 4-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Патшалықтар 4-ж Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Патшалықтар 4-ж Chapter 1?
Патшалықтар 4-ж Chapter 1 is part of the Book of Патшалықтар 4-ж in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Патшалықтар 4-ж Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from патшалықтар-4-ж
- Патшалықтар 4-ж Chapter 15
- Патшалықтар 4-ж Chapter 12
- Патшалықтар 4-ж Chapter 13
- Патшалықтар 4-ж Chapter 25
- Патшалықтар 4-ж Chapter 18
- Патшалықтар 4-ж Chapter 21
- Патшалықтар 4-ж Chapter 3