Патшалықтар 4-ж Chapter 17

For English

Read Патшалықтар 4-ж Chapter 17 Online

Read Патшалықтар 4-ж Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 4-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 4-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Патшалықтар 4-ж 17

Тарау 17

1. Яһуда еліне Ахаз патшалық құрған он екінші жылы Ила ұлы Ошия Самария қаласында Солтүстік Исраилдің патшасы болып, тоғыз жыл билік жүргізді.

2. Ошия Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді, бірақ олары Солтүстік Исраилдің бұрынғы патшаларының қылықтарындай болған жоқ.

3. Бірде Ассурдың патшасы Салманасар Ошияға қарсы аттанды. Себебі бұрынырақ Ошия оған бағынышты болып, алым-салық төлейтін еді.

4. Ал сол кезде Ошия Ассур патшасына әр жылға төленетін алым-салығын жібермей, оған қарсы одақтаспақ болып Мысыр патшасы Со перғауынға елшілерін жолдады. Мұнысын Ассурдың патшасы біліп қойып, Ошияны ұстап алып, зынданға жауып тастады.

5. Ассурдың патшасы бүкіл елді жаулап алып, Самария қаласына барып, оны үш жыл бойы қоршауға алды.

6. Ошия патшалық құрған тоғызыншы жылы Ассур патшасы Самарияны қолына түсіріп, оның халқын Ассур еліне жер аударып әкетті. Оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды.

7. Мұның барлығы исраилдіктер өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтарының кесірінен болды. Ал Жаратқан Ие ежелде олардың ата-бабаларын Мысыр патшасы перғауынның қолынан құтқарып, сол елден алып шыққан болатын. Сонда да Исраил халқы бөгде тәңірлерді терең қастерлейтін болды, әрі

8. Жаратқан Ие ата-бабаларының алдынан елден қуып шыққан халықтардың теріс әдеттеріне және Солтүстік Исраилдің патшалары енгізген азғын дәстүрлеріне еліктеді.

9. Исраилдіктер, сондай-ақ, өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге қарсы әділетсіз істерді астыртын да істеп жүрді. Олар барлық елді мекендерінде, күзет мұнарасында болсын, қамалды қалада болсын биіктеу жерлердегі табыну орындарын жасап алған болатын.

10. Осылайша исраилдіктер әр биік төбе басында және әрбір саялы ағаштың түбінде тас бағаналарды және әйел тәңір Ашераға арналған ағаш бағаналарды орнатып қойды.

11. Жаратқан Ие өздерінің алдынан аластатқан елдің бұрынғы тұрғындары істегендей, олар да сол биіктеу жерлердің барлығында (жалған тәңірлерге арнап) хош иісті заттарды түтетіп ұсынып жүрді. Исраилдіктер бұларымен Жаратқан Иенің қаһарын туғызатын қылықтар жасады.

12. Жаратқан Ие: «Бұндай нәрсені істемеңдер!» деп бұйырғанмен, олар жалған тәңірлерге құлшылық ете берді.

13. Жаратқан Ие Солтүстік Исраилдің және Яһуданың халқын Өзінің барлық пайғамбарлары мен хабаршылары арқылы: «Жаман жолдарыңнан қайтыңдар! Мен ежелде ата-бабаларыңа тапсырған, әрі Өзіме қызмет етуші пайғамбарларым арқылы сендерге де табыстаған бүкіл Таурат заңымдағы өсиеттерім мен ережелерімді орындаңдар!» — деп ескертіп жүрді.

14. Бірақ олар тыңдамай, кезінде өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге сенім артпаған ата-бабалары сияқты тоңмойын болып қасарысып алды.

15. Осылай Құдайдың халқы Оның тапсырған ережелерінен де, ата-бабаларымен жасаған Келісімінен де бас тартып, ескертулеріне құлақ аспады. Соның орнына олар түкке тұрғысыз «тәңір бейнелеріне» табынып, өздері де түкке тұрғысыз болып кетті. Жаратқан Ие: «Солар сияқты істемеңдер!» — деп тыйым салғанмен, олар айналаларындағы халықтардың соңынан ілесіп кетті.

16. Содан исраилдіктер бұрын сиынған Құдайлары Жаратқан Иенің барлық өсиеттерінен безіп, жас бұқаның екі мүсінін құйып алып, Ашераға арналған ағаш бағананы да жасап орнатты. Сондай-ақ, олар аспан денелерінің барша топтарына да табынып, Бағалға да құлшылық ететін болды.

17. Олар тіпті өз ұл-қыздарын отқа өртеп құрбан етіп, балгерлікпен және сиқыршылықпен де айналысты. Осылай исраилдіктер Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге салынып, Оның қаһарын туғызды.

18. Бұдан Жаратқан Ие исраилдіктерге қатты қаһарланып, оларды Өзінің қасынан аластатты. Тек Яһуда руынан басқа ешкім елде қалмады.

19. Алайда Яһуданың халқы да өзінің Құдайы Жаратқан Иенің өсиеттерін орындамай, Солтүстік Исраил енгізген жаман дәстүрлерге еліктеп кетті.

20. Сондықтан Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл үрім-бұтағынан бас тартып, оларды түрлі пәлелерге ұшыратты. Халық Өзінің қасынан толығымен аластатылғанша, Жаратқан Ие оларды тонаушы басқыншылардың қолдарына тапсырды.

21. Бұрынырақ Жаратқан Ие Солтүстік Исраилді Дәуіттің әулетінің билігінен тартып алған кезде, оның халқы Набат ұлы Еробоғамды өздеріне патша етіп таңдап қойған болатын. Ал Еробоғам оларды Жаратқан Иеге мойынсұндырмай зор күнә жасауға адастырды.

22. Солтүстік Исраилдің халқы Еробоғам енгізген күнәлардың бәрін жасай беріп, олардан бас тартпады.

23. Ақыры, Өзіне қызмет еткен бүкіл пайғамбарлары арқылы алдын ала ескерткендей, Жаратқан Ие оларды өз қасынан аластатты. Сонда Солтүстік Исраилдің халқы Ассур еліне жер аударылды. Олар күні бүгінге дейін сол жерде тұрып жатыр.

24. Ассур елінің патшасы Бабыл, Құта, Аууа, Хамат және Сепар-Уайм өлкелерінен халқын көшіріп әкеліп, оларды исраилдіктердің орнына Самария еліндегі қалаларға қоныстандырды. Осылар Солтүстік Исраилдің жерін иемденіп, қалаларына орнығып алды.

25. Солтүстік Исраилге енді ғана қоныс тепкен жат жерліктер Жаратқан Иені қастерлемейтін. Сондықтан Жаратқан Ие соларға арыстандарды жіберіп, олар бірсыпыра адамды қырып тастады.

26. Сонда Ассур патшасына: «Өзіңіз жер аударып алып келіп, Самарияның қалаларына қоныстандырған халқыңыз сол жердің Тәңірінің бұйырған табыну ережелерін білмейді. Сондықтан Ол араларына арыстандарды жіберіп, олар адамдарды жарып құртып жатыр. Өйткені халық жердің Тәңірінің заңдарын білмейді», — деген хабар жетті.

27. Ассур патшасы: «Сол жақтан жер аударылған діни қызметкерлердің бірін еліне қайтарыңдар! Ол сонда тұрып, халыққа сол жердің Тәңірінің заңдарын үйретсін!» — деп әмір етті.

28. Содан Самариядан жер аударылған діни қызметкерлердің бірі Бетел қаласына келіп қоныстанып, көшіп келгендерге Жаратқан Иені қастерлеп, Оған ғибадат етуді үйретті.

29. Бірақ солардың әрбір ұлты мекендеген қалаларында өздері табынып келген жалған тәңірлерінің мүсіндерін де жасап алды. Соларын бұрын самариялықтар биіктеу жерлерде салып кеткен ғибадатханаларға орналастырды:

30. бабылдықтар — Соқот-Бенот, құталықтар — Нергал, хаматтықтар — Ашима,

31. аууалықтар — Нибхаз бен Тартақ есімді жалған тәңірлердің мүсіндерін жасап, орнатты. Сепар-Уаймнан көшіп келгендер сол жерде табынған Адрам-Мәлік пен Анам-Мәлік деген жалған тәңірлеріне арнап тіпті өз балаларын да отқа өртеп құрбан етті.

32. Осы ұлттар Жаратқан Иеден де қорқып, Оны қастерлейтін. Олар биіктеу жерлердегі ғибадатханаларда құрбандықтарды ұсыну үшін өздерінің араларындағы түрлі адамдардан діни қызметкерлерді тағайындады.

33. Осылайша олар Жаратқан Иеден қорқып Оны қастерлей бастады, әрі бұрын тұрған елдерінің діни дәстүрлеріне сәйкес өздерінің жалған тәңірлеріне әлі де құлшылық ететін болды.

34. Сол жаңадан қоныстанғандар осы күнге дейін бұрынғы дәстүрлерін тастамай жүр. Олар Жаратқан Иені шын жүректен қастерлемейді де, Оның Жақыптың үрім-бұтағына тапсырған ережелері мен шешімдеріне және Таурат заңындағы өсиеттеріне бағынбайды да. Жақыпқа Жаратқан Ие ежелде Исраил деген қосымша ат берген еді.

35. Жаратқан Ие Исраил халқымен Келісім жасап, оларға мынадай өсиет берген болатын: «Бөтен тәңірлерден қорықпаңдар, оларға не иіліп құлшылық етуші, не құрбандық шалып ұсынушы болмаңдар!

36. Қайта, өздеріңді қолымды созып, зор құдіретпен Мысыр елінен құтқарып алып шыққан Маған, Жаратқан Иеге, ғана мойынсұнып сиынып, құрбандық шалып ұсыныңдар!

37. Өздеріңе жазып беріп, табыстаған ережелерім мен шешімдерімді, Таурат заңындағы өсиеттерімді сақтап, әрқашан мұқият орындауларың керек. Ал бөтен тәңірлерден еш қорықпаңдар, оларды қастерлеуші де болмаңдар!

38. Осылайша Менің өздеріңмен жасаған Келісімімді ұмытпаңдар, бөтен тәңірлерден қорқып, оларды қастерлемеңдер!

39. Қайта, сендер Мені — Құдайларың Жаратқан Иені ғана терең қастерлеулерің керек. Мен өздеріңді барлық жауларыңның қолынан құтқарып алатын боламын!»

40. Бірақ халық Оған құлақ аспай, бұрынғы теріс дәстүрлерін орындай берді.

41. Олар Жаратқан Иеден қорқып, Оны қастерлей тұра, өздерінің тәңір мүсіндеріне де ғибадат етуді жалғастырды. Кейінгі ұрпақтары да күні бүгінге дейін солай істеп келе жатыр.

About Патшалықтар 4-ж Chapter 17

Read Патшалықтар 4-ж Chapter 17 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 4-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Патшалықтар 4-ж
Chapter: 17
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 4-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Патшалықтар 4-ж Chapter 17 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Патшалықтар 4-ж Chapter 17?

Патшалықтар 4-ж Chapter 17 is part of the Book of Патшалықтар 4-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Патшалықтар 4-ж Chapter 17 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from патшалықтар-4-ж

  1. Патшалықтар 4-ж Chapter 14
  2. Патшалықтар 4-ж Chapter 13
  3. Патшалықтар 4-ж Chapter 12
  4. Патшалықтар 4-ж Chapter 22
  5. Патшалықтар 4-ж Chapter 21
  6. Патшалықтар 4-ж Chapter 25
  7. Патшалықтар 4-ж Chapter 23

Related Chapters & Readings

  1. 1 Петірдің Chapter 2
  2. Забур жырлары Chapter 112
  3. Руларды санау Chapter 21
  4. Ешуа Chapter 9
  5. Әйүп Chapter 20
  6. Жохан Chapter 6
  7. Заңды қайталау Chapter 12
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *