Жүніс Chapter 1

For English

Read Жүніс Chapter 1 Online

Read Жүніс Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жүніс in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Жүніс and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Жүніс 1

Тарау 1

1. Жаратқан Ие Аматтай ұлы Жүніске сөзін арнап:

2. «Жолға жиналып, ұлы қала Ниневиге бар да, оны соттамақ екенімді жарияла! Олардың зұлым қылықтары Менің көз алдымда», — деп тапсырды.

3. Сонда Жүніс жолға жиналды. Алайда ол Жаратқан Иенің назарынан алысқа, Тарсис қаласына қашып кетуге бел буды. Содан Жүніс Яффа қаласына ылдилап барып, сол жерден Тарсиске аттанғалы тұрған кемені іздеп тапты. Ол жолақысын төлеп, кемеге отырып, Жаратқан Иеден жасырынып қалу үшін Тарсиске қарай жүзіп кетті.

4. Бірақ Жаратқан Ие теңізге қатты жел жіберіп, сұрапыл дауыл тұрғызды. Кемеге қирау қаупі төнді.

5. Теңізшілер үрейленіп, әрқайсысы өзі табынатын тәңіріне жалбарына сиынды. Олар кеменің салмағын жеңілдетіп, қауіпті азайту үшін жүктерді суға лақтыра бастады. Бұл кезде Жүніс кеменің төменгі қабатына түсіп, қатты ұйқыға кеткен болатын.

6. Кеме бастығы оған келіп: «Әй, сен неғып ұйықтап жатырсың?! Тұрып, Тәңіріңе жалбарына сиын! Мүмкін, Тәңірің бізді ойына алып, ажалдан сақтап қалар», — деп бұйырды.

7. Теңізшілер өзара: «Жеребе тастап, біздің осы пәлеге душар болғанымызға кімнің кінәлі екенін біліп алайық», — десті. Олар солай істегенде жеребе Жүніске түсті.

8. Теңізшілер оған: — Бізге айтып берші: осы апаттың басымызға түскеніне кім кінәлі? Кәсібің не? Қайдан келдің? Туған елің қайда? Қай ұлтсың? — деген сұрақтарды жаудырды. Жүніс:

9. — Мен исраилдікпін. Көктегі Құдайды, яғни теңіз бен құрлықты жаратқан Тәңір Иені, қастерлеймін, — деп жауап қайырып,

10. оларға өзінің Жаратқан Иеден қашып жүргенін ашық айтып берді. Сонда теңізшілердің зәрелері ұшып сасқалақтап, Жүніске: «Неге бұлай істедің?!» — деп қатты налыды.

11. Осы екі арада теңіз толқындары күшейген үстіне күшейе түсті. Сондықтан теңізшілер Жүніске: — Теңіздің тыншуы үшін саған не істеуіміз керек? — деген сауал қойды.

12. — Мені теңізге лақтырсаңдар, ол басылады. Өйткені осы сұрапыл дауылға ұшырап отырғандарың менің кесірімнен екенін білемін, — деп жауап берді Жүніс.

13. Алайда сол жігіттер бар күштерімен есе беріп, кемені жағаға жеткізуге тырысты. Бірақ дауыл долданып, күшейе түсіп, еңбектері зая кетті.

14. Сондықтан олар Жаратқан Иеге жалбарына сиынып: — Уа, Жаратқан Ие, мына адамның жанын алуың үшін бізді де ажалға бұйыра көрме! Ал егер ол кінәсіз болса, қанын біздің мойнымызға жүктей көрме! Себебі Сен, Жаратқан Ие, осыны өз қалауыңа сай істедің, — деді.

15. Содан теңізшілер Жүністі көтеріп алып, теңізге лақтырып жіберді. Сонда буырқанып тұрған теңіз тыныштала қалды.

16. Бұдан сол адамдардың зәрелері ұшып, Жаратқан Иеден қатты қорықты. Олар Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалып, бұдан былай Оны қастерлеуге ант берді.

About Жүніс Chapter 1

Read Жүніс Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Жүніс in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Жүніс
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Жүніс. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Жүніс Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Жүніс Chapter 1?

Жүніс Chapter 1 is part of the Book of Жүніс in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Жүніс Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from жүніс

  1. Жүніс Chapter 4
  2. Жүніс Chapter 2
  3. Жүніс Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Ишая Chapter 27
  2. Забур жырлары Chapter 4
  3. Езекиел Chapter 7
  4. Заңды қайталау Chapter 7
  5. Руларды санау Chapter 28
  6. Еремия Chapter 44
  7. Матай Chapter 9
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *