2 Салониқалықтарга Chapter 3

For English

Read 2 Салониқалықтарга Chapter 3 Online

Read 2 Салониқалықтарга Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Салониқалықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 2 Салониқалықтарга and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

2 Салониқалықтарга 3

Тарау 3

1. Ал енді, бауырластар, біз үшін мінажат етіңдер: Иеміздің Ізгі хабары тура сендердегідей көп тарап, құрметке бөлене берсін.

2. Иеміз бізді қара ниетті, зұлым адамдардың шабуылынан құтқара көрсін. Өйткені жұрттың бәрі бірдей сенуші емес.

3. Ал Жаратқан Ие сенімді, Ол сендерге күш-жігер беріп, әзәзілдің әрекетінен сақтайды.

4. Сендер Иемізбен тығыз байланыста тұрғандықтан, біз өздеріңе бұйырғанымызды қазір де, келешекте де орындайды деп сенім артамыз.

5. Иеміз жан дүниелеріңді Құдайдың сүйіспеншілігіне бұрып, сендер Мәсіхтің қайта оралуын сабырмен күтсін деп мінажат етеміз.

6. Қымбатты бауырластар, Иеміз Иса Мәсіхтің атынан сендерге тағы мынаны ескертеміз: жүгенсіз жүріп, біздің өздеріңе тапсырған ілімімізге ермейтіндерден бойларыңды аулақ ұстаңдар!

7. Бұл жерде бізден үлгі алу қажеттігін өздерің де білесіңдер. Себебі біз сендерде болғанда жұмыссыз, бос жүріп,

8. басқаның нанын тегін жеген жоқпыз. Ешқайсыңа ауыртпалық түсірмеу үшін күні-түні еңбек етіп, жан сала бейнеттеніп жұмыс істедік.

9. Нандарыңды жеуге қақымыз бар еді; бірақ сендер бізге еліктесін деп, үлгі болғымыз келді.

10. Араларыңда жүргенде «Еңбек еткісі келмеген тамақ та ішіп-жемесін» деген қағиданы саналарыңа сіңірдік.

11. Ал енді кейбіреулеріңнің жүгенсіз жүргендіктерің туралы естідік. Олар жұмыс істемей, басқалардың мазасын алып, босқа сандалып жүр екен.

12. Осындайларға біз тыныш еңбек етіп, өз нандарын өздері тауып жесін деп Иеміз Иса Мәсіхтің атынан бұйырып ескертеміз.

13. Ал өздерің, қымбатты бауырластар, жақсылық жасаудан жалықпасаңдар екен.

14. Кімде-кім біздің осы хатта айтып отырған нұсқауларымызға құлақ аспаса, соны естеріңде сақтаңдар. Өз қылығына ұялуы үшін сол кісімен араласпай қойыңдар.

15. Бірақ оған жау деп қарамай, бауырлас ретінде түсіндіріп ескертіңдер.

16. Тыныштықтың бастауы — Жаратқан Иенің Өзі сендерге әрдайым қай нәрседе де тыныштық сыйлай берсін! Иеміз барлығыңа жар болғай!

17. Ал мен, Пауыл, осы сәлемімді өз қолыммен жазып отырмын. Хаттарымды ұдайы осылай аяқтаймын, олардың менікі екенін осыған қарап білесіңдер.

18. Лайым Иеміз Иса Мәсіх барлығыңа рақымын жаудыра көрсін!

About 2 Салониқалықтарга Chapter 3

Read 2 Салониқалықтарга Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Салониқалықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: 2 Салониқалықтарга
Chapter: 3
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 2 Салониқалықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading 2 Салониқалықтарга Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is 2 Салониқалықтарга Chapter 3?

2 Салониқалықтарга Chapter 3 is part of the Book of 2 Салониқалықтарга in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete 2 Салониқалықтарга Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from 2 салониқалықтарга

  1. 2 Салониқалықтарга Chapter 1
  2. 2 Салониқалықтарга Chapter 2

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Матай Chapter 26
  2. Елшілердің істері Chapter 22
  3. Матай Chapter 23
  4. Аян Chapter 6
  5. Еврейлерге Chapter 4
  6. Матай Chapter 4
  7. Елшілердің істері Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 111
  2. Әйүп Chapter 35
  3. Лұқа Chapter 20
  4. Руларды санау Chapter 17
  5. Нақыл сөздер Chapter 9
  6. Мысырдан шығу Chapter 1
  7. Шежірелер 2-ж Chapter 28
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *