Леуіліктер Chapter 21

For English

Read Леуіліктер Chapter 21 Online

Read Леуіліктер Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Леуіліктер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Леуіліктер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Леуіліктер 21

Тарау 21

1. Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: — Діни қызметті атқаратын Һаронның ұлдарына мынаны айт: Діни қызметкер халқының арасынан қайтыс болған ешкімнің мәйітіне жанасып, өзін арамдамасын.

2. Ал егер өзінің қандас туысқаны: әке-шешесі, ұл-қызы, бірге туған аға-інісі

3. немесе күйеуге шықпай оның қолында жүрген әпке-қарындасының біреуі қайтыс болса, соның мәйітіне жанасып, таза емес күйге түсуіне болады.

4. Бірақ ол қайын жұртынан біреу үшін таза емес күйге түсіп өзін арамдамасын.

5. Діни қызметкерлерге не шашын тақырлап алғызуға, не сақалының шеттерін қырқып қысқартуға, не денесінің терісін тілгілеп жарақаттап таңба салуларына да болмайды.

6. Олар Құдайға бағышталғандықтан, Оның есімін еш қорламасын! Жаратқан Иеге тамақ іспетті арналған тартуларды өртеу арқылы ұсынатындықтан, олар (іс-әрекеттерінде) қасиетті болулары керек.

7. Діни қызметкерлерге жеңіл жүріспен арамданған не күйеуімен ажырасқан әйелге үйленуге болмайды. Өйткені діни қызметкер өзінің Құдайына бағышталған.

8. Діни қызметкерлер сендер сиынатын Құдайға тамақ іспетті арналған тартуларды ұсынатындықтан, оларды Жаратқан Иеге бағышталған деп қастерлеңдер! Себебі сендерді Өзіме бағыштайтын Мен, Жаратқан Ие, киелімін.

9. Егер діни қызметкердің қызы жеңіл жүріспен өзін арамдаса, сонысымен әкесін де арамдағаны. Ондай қызды өртеп көзін құрту керек.

10. Бас діни қызметкер — діни қызметкерлердің арасынан таңдалып, май жағу рәсімі орындалып, арнайы киімді киюге тағайындалған адам. Сондықтан оған (аза тұтып не жалаң бас жүріп) шашын жайып жіберуге не көйлегінің өңірін айыра жыртуға болмайды.

11. Бас діни қызметкерге өлген адамның мәйітіне жақындауға болмайды. Тіпті өз әкесі не шешесі қайтыс болғанда да, оның арамданбауы үшін солардың мәйітіне жақындауына болмайды.

12. Бас діни қызметкердің (қабір басына бару үшін) Құдайдың киелі орнын тастап кетіп, оны арамдауына болмайды. Ол арнайы май жағу рәсімі арқылы Құдай Иесіне қызмет етуге тағайындалған. Мен Жаратқан Иемін.

13. Бас діни қызметкер пәк таза қызға ғана үйленуге тиіс.

14. Оған жесірге, күйеуімен ажырасқан, жеңіл жүріспен арамданған әйелге үйленуге болмайды, тек өз халқынан шыққан пәк таза қызға ғана үйленуіне болады.

15. Осылайша бас діни қызметкер халқының арасындағы өзінен тарайтын ұрпақтарын арамданудан сақтасын. Оны киелі ететін Мен Жаратқан Иемін.

16. Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:

17. — Һаронға мынаны айт: Болашақта өзіңнен тараған ұрпақтарыңның денесінде бір кемістігі бар адамы (киелі шатырға) жақындап келіп, Құдайға тамақ іспетті арналған тартуларды ұсынушы болмасын.

18. Бірде-бір кемтар жан Маған қызмет көрсету үшін жақындамасын: соқыр, ақсақ, қоянжырық ерінді не қол-аяғы дұрыс дамымаған мүгедек,

19. сондай-ақ, аяғы не қолы сынып майып болған,

20. бүкір не дене мүшесі семіп қалған, көзінің кемістігі бар, қотыр не теміреткісі бар немесе ұрық безі езілген ешкім де осы қызметті атқарушы болмасын.

21. Діни қызметкер Һароннан тараған бір ұрпағының сондай кемістігі бар болса, оның (киелі шатырға) жақындап келіп, Жаратқан Иеге бағышталған тартуларды өртеп ұсынуына болмайды. Кемтар болғандықтан оның Құдайға тамақ іспетті арналған тартуларды әкеліп ұсынуына болмайды.

22. Алайда оған Құдайға бағышталған киелі және ерекше киелі тамақтардан жеуіне болады.

23. Ал ол өзінің тәндік кемістігіне бола (киелі шатырдағы ішкі) шымылдыққа және құрбандық үстеліне жақындап Менің киелі орнымды арамдамасын. Соларды Өзіме толығымен бағыштап киелі еткен Мен Жаратқан Иемін.

24. Мұса осының бәрін Һарон мен оның ұлдарына және бүкіл Исраил халқына айтып берді.

About Леуіліктер Chapter 21

Read Леуіліктер Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Леуіліктер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Леуіліктер
Chapter: 21
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Леуіліктер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Леуіліктер Chapter 21 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Леуіліктер Chapter 21?

Леуіліктер Chapter 21 is part of the Book of Леуіліктер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Леуіліктер Chapter 21 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 6
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 3
  7. Ешуа Chapter 8

Explore More from леуіліктер

  1. Леуіліктер Chapter 26
  2. Леуіліктер Chapter 14
  3. Леуіліктер Chapter 6
  4. Леуіліктер Chapter 15
  5. Леуіліктер Chapter 3
  6. Леуіліктер Chapter 16
  7. Леуіліктер Chapter 4

Related Chapters & Readings

  1. Леуіліктер Chapter 5
  2. Елшілердің істері Chapter 1
  3. Ишая Chapter 38
  4. Римдіктерге Chapter 9
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 15
  6. Забур жырлары Chapter 6
  7. 1 Тімотеге Chapter 5
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *