Еремия Chapter 37

For English

Read Еремия Chapter 37 Online

Read Еремия Chapter 37 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Еремия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Еремия 37

Тарау 37

1. Кейінірек Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимге келіп, Жохақым ұлы Ехонияхтың орнына Жосия ұлы Седекияхты Яһуда елінің патшасы етіп тағайындады.

2. Алайда Седекияхтың өзі де, нөкерлері де, елде қалған халық та Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы айтқан сөздеріне құлақ аспады.

3. Сонда да Седекиях патша (басына күн туғанда) Еремия пайғамбарға Шелемиях ұлы Ехухал мен діни қызметкер Мағасиях ұлы Софония екеуін жіберіп: «Біз үшін Құдайымыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз!» — деп өтінді.

4. Сол уақытта Еремия әлі де қамауға алынбай, халықтың арасында еркін тұрып жатқан болатын.

5. Осы кезде халдейлердің әскері Иерусалимді қоршап алған еді. Алайда Мысыр перғауынының әскерінің өз елінен шығып, Яһудаға қарай аттанғанын ести сала халдейлер Иерусалимді уақытша қалдырып кетті.

6. Сонда Жаратқан Ие Еремия пайғамбарға сөзін арнап былай деді:

7. «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: өздеріңді Менен кеңес сұрауға жіберіп отырған Яһуда патшасына былай деңдер: Перғауынның сендерге көмекке шыққан жасағы көп ұзамай өз елі Мысырға қайта оралады.

8. Сонда халдейлер қайтып келіп, қалаға тағы да шабуыл жасайды. Олар қаланы қолға түсіріп, қиратып, өртеп жібереді. —

9. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Сендер: «Халдейлер бізден біржола шегініп кетті» деп алданбаңдар! Олар біржола кеткен жоқ!

10. Себебі сендер тіпті өздеріңе қарсы соғысқан бүкіл халдей әскерін қиратып, олардың шатырларында тек азғантай жарақаттанған адамдары қалған болса да, бәрібір олар сендерге шабуыл жасап, қаланы өртеп жіберетін болады!

11. Перғауын жасағының Мысырдан аттанып келгендігінен халдей әскері Иерусалимге жасап отырған шабуылын тоқтатқан осы кезде,

12. Еремия Бунямин жеріне жолға шықпақ болды. Ондағы мақсаты сол жердегі өз әулетінің арасынан бір мұралық жердің өзіне тиісті үлесін қабылдау еді.

13. Бірақ ол Иерусалимнің Бунямин қақпасынан шыға бергенде күзетшілердің бастығы Еремия пайғамбарды ұстап алып, оны: — Сен халдейлерге өтпекші болған сатқынсың! — деп айыптады. Бастықтың аты-жөні Шелемияхтың ұлы, Хананияхтың немересі Ириях еді.

14. Еремия: — Жоқ, бұл жала! Мен халдейлердің жағына өтпек болған жоқпын! — деп келіспеді. Сонда да Ириях оны тыңдамай, тұтқындап, уәзірлердің алдына алып барды.

15. Уәзірлер Еремияға ашуланып, оны ұрып-соғып, Жонатан хатшының үйіне қамап қойды. Олар бұл үйді түрмеге айналдырған болатын.

16. Еремия үйдің астындағы бір қапасқа тасталып, сол зынданда көп күн отырды.

17. Кейін Седекиях патша адам жіберіп, пайғамбарды өзінің алдына әкелдірді. Өз сарайында онымен құпия жүздесіп: — Жаратқан Иенің бізге арнаған сөзі бар ма? — деп сұрады. Еремия оған: — Иә, бар. Сіз Бабыл патшасының қолына түсесіз! — деп,

18. Седекиях патшаға мынаны да қоса айтты: — Мені түрмеге қамайтындай не сіздің өзіңізге, не нөкерлеріңізге, не халқыңызға қарсы қандай жамандық істедім?

19. «Бабыл патшасы өзіңізге және осы елге шабуыл жасамайды!» деп болжаған пайғамбарларыңыз енді қайда?

20. Ал, патша ием, сөзіме құлақ асып, мені Жонатан хатшының үйіне қайтара көрмеңіз! Әйтпесе мен сол зынданда өліп қалармын!

21. Седекиях патша Еремияны сақшылардың ауласында қамауды және қаладағы нан біткенше наубайшылар көшесінен күніне бір наннан беріп тұруды бұйырды. Осылай Еремия сақшылардың ауласында қамауда ұсталды.

About Еремия Chapter 37

Read Еремия Chapter 37 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Еремия
Chapter: 37
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Еремия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Еремия Chapter 37 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Еремия Chapter 37?

Еремия Chapter 37 is part of the Book of Еремия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Еремия Chapter 37 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from еремия

  1. Еремия Chapter 16
  2. Еремия Chapter 5
  3. Еремия Chapter 8
  4. Еремия Chapter 1
  5. Еремия Chapter 37
  6. Еремия Chapter 32
  7. Еремия Chapter 30

Explore More from Ескі өсиет

  1. Забур жырлары Chapter 63
  2. Шежірелер 2-ж Chapter 14
  3. Еремия Chapter 35
  4. Ишая Chapter 30
  5. Патшалықтар 1-ж Chapter 7
  6. Забур жырлары Chapter 12
  7. Нақыл сөздер Chapter 24

Related Chapters & Readings

  1. Леуіліктер Chapter 17
  2. Патшалықтар 3-ж Chapter 6
  3. Забур жырлары Chapter 125
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 24
  5. Билер Chapter 10
  6. Забур жырлары Chapter 60
  7. Заңды қайталау Chapter 20
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *