Естер Chapter 2

For English

Read Естер Chapter 2 Online

Read Естер Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Естер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Естер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Естер 2

Тарау 2

1. Кейінірек ашуы басылғанда Ахасуер патша Астинді, оның не істегенін және оған қарсы шығарылған жарлықты есіне алды.

2. Сонда патшаның жеке қызметкерлері мынадай ұсыныс жасады: «Патша ағзамға арнап сұлу да пәк қыздарға іздеу салынсын.

3. Патша ағзам барлық аймақтарда арнаулы басқарушыларын тағайындап, бекіте көрсін. Олар сол сұлу да пәк қыздарды Сузы қорғанына әкелсін. Қыздар патшаның әйелдердің үстінен қарайтын сарай қызметкері Хегайдың қарамағындағы харемге жиналсын. Қыздар әрленуге арналған заттардың барлығымен қамтамасыз етілсін.

4. Сосын арулардың ішінен патшаға ұнаған қыз Астиннің орнына патшайым болсын!» Патша бұл ұсынысты мақұл көріп, жүзеге асыртты.

5. Сузы қорғанында Мардохай есімді яһуди ер адам тұратын. Мардохай Бунямин руынан шыққан Жайырдың ұлы, Шимейдің әрі Қиштың ұрпағы болатын.

6. Кезінде Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимді жаулап алып, Яһуда патшасы Ехонияхпен бірге жер аударып әкеткен халықтың арасында Мардохайдың отбасы да бар болған еді.

7. Мардохайдың қолында оның бір ағасының Хадаса есімді қызы болды. Хадаса Естер («Жұлдыз») деп те аталатын. Қыздың дене бітімі сымбатты, бет-әлпеті өте сұлу еді. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін, Мардохай оны өз қызындай тәрбиелеп өсірді.

8. Патшаның әмірі жарияланғанда, Естер де көптеген басқа қыздармен бірге Сузы қорғанындағы патша сарайына әкелініп, харемнің бастығы Хегайдың қарамағына тапсырылды.

9. Естер Хегайға ұнап, оның мейіріміне бөленді. Хегай қызды әрленуге арналған иісмайлармен және арнайы тағамдармен дереу қамтамасыз етті. Ол, сондай-ақ, Естерге патша сарайынан таңдалған жеті қызметші қызды қосып беріп, оларды патшаның хареміндегі ең жақсы орынға көшіріп орналастырды.

10. Естер өз ұлты мен ата-тегі жайлы ешкімге тіс жармады. Себебі Мардохай оған солай істеуге тыйым салған еді.

11. Мардохай Естердің хал-жағдайын және оған не болып жатқанын білу үшін күн сайын харемнің ауласының маңайында әрлі-берлі жүретін.

12. Әрбір қыз Ахасуер патшаның алдына бару кезегі келмес бұрын әйелдерге арналған он екі айлық әрлену мерзімінен өтетін. Сол мерзім алты ай бойы мүр майымен сылану, келесі алты ай бойы иіссулар мен әрлендіретін иісмайларды жағу кезеңдерінен тұратын.

13. Қыздың патшаның алдына баратын уақыты келгенде, харемнен патша сарайына алып кеткісі келген нәрселерінің бәрі де оған берілетін.

14. Қыз патшаға кешке келетін де, таңертең екінші харемге апарылатын. Сол жерде ол патшаның кәнизактарының үстінен қарайтын сарай қызметкері Шағашқаздың қарамағында болатын. Патша оны ұнатып, атын атап өзіне қайта шақырмаса, ол бұдан былай патшаға қайтып әкелінбейтін.

15. Естер Мардохайдың ағасы Әбихаилдің қызы еді. Мардохай оны асырап алған болатын. Енді Естердің патшаның алдына баратын кезегі келгенде, ол патша харемінің үстінен қарайтын сарай қызметкері Хегайдың ақыл-кеңесіне мойынсұнды. Осылай Естер өзімен бірге алып кетуге оның ұсынған нәрселерінен басқа ештеңені сұраған жоқ. Ал Естерді көргеннің бәрі оған риза болды.

16. Естер Ахасуер патша билік құрған жетінші жылдың оныншы (яғни тебет) айында патша сарайына апарылды.

17. Патша басқа барлық қыздардан гөрі Естерді қатты ұнатты. Оған өзгелерге қарағанда көбірек риза болып, сүйсінгені сонша, басына патшалық тәж кигізіп, оны Астиннің орнына патшайым етті.

18. Содан патша барлық әміршілері мен қызметкерлеріне арнап үлкен қонақасы беріп, Естердің тойын жасады. Ол, сондай-ақ, аймақтарға демалыс күнін жариялатып, патшалық жомарттықпен сыйлықтар үлестірді.

19. Қыздар екінші харемге әкелініп жиналған кезде, Мардохай патша сарайының қақпасында қызмет ететін болды.

20. Естер өзінің ата-тегі мен ұлтын Мардохайдың ескертуімен бұдан былай да ешкімге ашпады. Ол бұрын Мардохайдың қолында тұрған кезінде де оның айтқанын екі етпейтін.

21. Мардохай патша қақпасында қызмет етіп жүрген сол күндердің бірінде кіреберісті күзететін екі сарай қызметкері бірдеңеге патшаға өкпелеп ашуланып қалды. Олардың есімдері Бигтана және Тәреш болатын. Содан екеуі Ахасуер патшаның көзін құртуды ойластырды.

22. Осы туралы Мардохай біліп қойып, оны Естер патшайымға хабарлады. Ал Естер бұл жайтты Мардохайдың атынан патшаның өзіне жеткізді.

23. Істің мән-жайы тексерілгенде расталып, екі қылмыскер дарға асылды. Бүкіл оқиға туралы баяндама патшаның көз алдында ресми жылнама кітабына жазылып енгізілді.

About Естер Chapter 2

Read Естер Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Естер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Естер
Chapter: 2
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Естер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Естер Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Естер Chapter 2?

Естер Chapter 2 is part of the Book of Естер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Естер Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from естер

  1. Естер Chapter 1
  2. Естер Chapter 8
  3. Естер Chapter 7
  4. Естер Chapter 7
  5. Естер Chapter 4
  6. Естер Chapter 1
  7. Естер Chapter 3

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 60
  2. Патшалықтар 3-ж Chapter 5
  3. Әйүп Chapter 15
  4. Езра Chapter 9
  5. Матай Chapter 5
  6. Забур жырлары Chapter 146
  7. Патшалықтар 2-ж Chapter 13
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *