Естер Chapter 5

For English

Read Естер Chapter 5 Online

Read Естер Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Естер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Естер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Естер 5

Тарау 5

1. Үшінші күні Естер патшалық киімін киіп, патша сарайының ішкі ауласына, патша отыратын кең бөлменің алдына келіп тұрды. Патша сондағы өз тағында, кіреберіске қарама-қарсы төрде отырған еді. Аулада тұрған Естер патшайымды көре салысымен, патша оның келгеніне риза болып,

2. қолындағы алтын асатаяғын оған қарай созды. Естер патшаға жақындап келді де, асатаяқтың ұшына қолын тигізді.

3. Патша оған тіл қатып былай деді: — Саған не керек, Естер патшайым? Қандай өтінішің бар? Патшалықтың жартысы болса да, саған беріледі! —

4. Естер: — Егер патша ағзам мақұл көрсе, бүгін Хаманды ертіп өзіне арналып дайындалған қонақасына келсе екен, — деп жауап берді.

5. Патша: — Естердің өтінішін орындау үшін, Хаманды дереу осында жеткізіңдер! — деп бұйырды. Содан патша мен Хаман Естердің дайындаған қонақасына барды.

6. Олар шарап ішіп отырғанда, патша Естерге сауал қойып: — Тілегің қандай? Ол орындалады. Қандай өтінішің бар? Патшалықтың жартысы болса да, саған беріледі! — деді.

7. Естер былай деп жауап берді: — Менің тілегім мен өтінішім мынау:

8. Егер маған патша ағзамның мейірімі түсіп, тілегімді беріп, өтінішімді орындауды мақұл көрсе, патшам Хаманды ертіп мен ертең оларға дайындайтын қонақасына келсе екен. Патша ағзамның қойған сұрағына жауабымды сонда беремін.

9. Хаман сол күні қонақасынан мәз болып, көтеріңкі көңілмен шықты. Алайда патша сарайының қақпасында Мардохайдың не орнынан тұрып құрмет көрсетпегенін, не қорқыныш та танытпағанын байқағанда, Хаманды қаһар кернеді.

10. Әйтсе де Хаман өзін-өзі ұстап, үйіне барды. Сонда достары мен әйелі Зерешті шақырып алып,

11. оларға өзінің байлығының қандай ауқымды әрі ұлдарының сонша көп екенін айтып бөсті. Хаман, сондай-ақ, өзінің дәрежесін өсірген патшаның бүкіл әрекеттерін де, өзін басқа әміршілер мен қызметкерлерден қалай жоғарылатқанын да атап мақтанды.

12. Мұнан кейін Хаман: — Тіпті Естер патшайым да өзі дайындаған қонақасына патшамен бірге жалғыз мені шақырды. Ертеңгі қонақасына да ол патшамен бірге тек мені ғана шақырды!

13. Алайда мен яһуди Мардохайдың сарай қақпасының маңында отырғанын әлі де көргенде, соның бәріне көңілім толмайды, — деп жүрек сырын ақтарды.

14. Әйелі Зереш пен барлық достары Хаманға: — Онда биіктігі елу шынтақ дар ағашын құрғызыңыз. Таңертең патшадан Мардохайды дарға асуды сұраңыз. Содан соң қуана патшамен бірге тойға бара бересіз, — деп ұсынды. Бұл ұсыныс Хаманға ұнап, ол дар ағашын дайындатқызып қойды.

About Естер Chapter 5

Read Естер Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Естер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Естер
Chapter: 5
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Естер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Естер Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Естер Chapter 5?

Естер Chapter 5 is part of the Book of Естер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Естер Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from естер

  1. Естер Chapter 4
  2. Естер Chapter 7
  3. Естер Chapter 10
  4. Естер Chapter 8
  5. Естер Chapter 8
  6. Естер Chapter 1
  7. Естер Chapter 2

Related Chapters & Readings

  1. Еремия Chapter 8
  2. Матай Chapter 20
  3. Даниял Chapter 7
  4. Әйүп Chapter 7
  5. 1 Қорынттықтарга Chapter 1
  6. Забур жырлары Chapter 44
  7. Жоқтау Chapter 3
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *