Езекиел Chapter 11

For English

Read Езекиел Chapter 11 Online

Read Езекиел Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езекиел and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Езекиел 11

Тарау 11

1. Мұнан кейін Рух мені көтеріп алды да, Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасына алып келді. Қақпаның кіреберісінде жиырма бес ер адам бар екен. Солардың арасынан халықтың басшылары Азур ұлы Язаниях пен Бенаях ұлы Пелатияхты көрдім.

2. Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, мына адамдар зұлымдық ойлап, осы қаладағыларға жаман кеңес беріп:

3. «Үй салатын уақыт таяп қалды емес пе? Осы қала қазан іспетті, ал біз соның ішінде аман сақталатын ет сияқтымыз», деп бөсіп жүр.

4. Сондықтан да оларға қарсы ашықтан-ашық пайғамбарлық сөз айтып бер, ей, пендем!»

5. Сонда маған Жаратқан Иенің Рухы қонып, мына сөздерді айтқызды: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер осылай айтасыңдар, уа, Исраил халқы. Сендердің ойларыңда не туындайтынын Мен түгелдей білемін!

6. Сендер бұл қалада көп адамды өлтіріп, оның көшелерін өліктермен толтырдыңдар.

7. Сол себепті Мен, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтамын: Сендер қаланың көшелерінде қалдырған сол өліктер ет іспетті, қала қазан сияқты болады. Әйтсе де, Мен өздеріңді бұл қаладан қуып шығамын!

8. Семсерден қорқасыңдар, ал Мен сендерге қарсы жау семсерін жіберемін! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.

9. Сендерді қаладан қуып шығып, шетелдік басқыншылардың қолдарына тапсырамын. Осылай өздеріңе ауыр жаза тартқызамын.

10. Сонда Исраилдің шекараларына дейін семсерден қырылып, мерт боласыңдар. Мен сендерге үкім шығарып, оны жүзеге асырамын. Содан Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.

11. Осы қала өздеріңе ешқандай қазан іспетті болмайды, сендер де оның ішіндегі ет іспетті аман қалмайсыңдар! Қайта, Мен сендерді Исраилдің шекараларына дейін қуып жазалаймын.

12. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Себебі Менің заңдарымды орындамай, шешімдеріме бағынбадыңдар. Керісінше, маңайларыңдағы халықтардың (Өзіме жиренішті) әдет-ғұрыптарына сай әрекет жасадыңдар».

13. Мен Құдайдың осы хабарын жеткізіп тұрған кезімде-ақ Бенаях ұлы Пелатиях лезде қайтыс болды. Сонда мен жерге етпетімнен жата кеттім де: — Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Исраилдің тірі қалғандарын түгелдей құртпақсың ба? — деп дауыстап жібердім.

14. Сол кезде Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:

15. — Ей, пендем, Иерусалимнің тұрғындары өзіңмен бірге жер аударылған елдестерің және бүкіл Исраил халқы туралы былай деп жүр: «Жаратқан Иеден аулақ кетіңдерші! Енді бұл ел бізге мұралық меншікке берілді!»

16. Сондықтан (жер аударылғандар жайлы) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен оларды алыстағы халықтардың арасына таратып, түрлі елдерге шашыратып жіберсем де, олар Маған азғана уақыт бойы сол барған жақтарында табынатын болады.

17. Сонымен (шашырап кеткен халқыма) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен сендерді Өзім араларына шашыратып жіберген елдер мен халықтардың арасынан қайта жинап аламын. Сендерге Исраил елін қайтадан табыстаймын.

18. Осылай халқым еліне қайтып келгенде, жалған тәңірлердің ондағы жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелерінің бәрін алып тастайтын болады.

19. Мен оларға біртұтас жүрек сыйлап, жаңа рух дарытамын. Көкіректерінен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын.

20. Сонда олар Менің ережелерімді ұстанып, заңдарыма бағынып соларды орындайтын болады. Олар Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын.

21. Алайда жүректері өздерінің жалған тәңірлердің жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелеріне құмартқандар болса, олардың бастарына өз істегендеріне сай жазаларын түсіремін! — Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.

22. Мұнан кейін керубтер қанаттарын жайып, жандарындағы дөңгелектерімен бірге жоғары көтерілді. Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты олардың үстіңгі жағында тұрды.

23. Содан соң Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты қаланың ішінен көтеріліп, оның шығысындағы таудың үстіне барып тоқтады.

24. Кейін Рух мені көтеріп алып, Бабылға жер аударылғандарға қайта алып келді. Осылайша Құдайдың Киелі Рухы маған (Иерусалимге барып келу жайлы) көрсеткен көрініс жоғары көтеріліп, қасымнан жоқ болып кетті.

25. Соңынан мен Жаратқан Иенің өзіме білдірген хабарларының бәрін де жер аударылған елдестеріме айтып бердім.

About Езекиел Chapter 11

Read Езекиел Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Езекиел
Chapter: 11
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езекиел. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Езекиел Chapter 11 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Езекиел Chapter 11?

Езекиел Chapter 11 is part of the Book of Езекиел in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Езекиел Chapter 11 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from езекиел

  1. Езекиел Chapter 7
  2. Езекиел Chapter 37
  3. Езекиел Chapter 24
  4. Езекиел Chapter 36
  5. Езекиел Chapter 33
  6. Езекиел Chapter 44
  7. Езекиел Chapter 32

Explore More from Ескі өсиет

  1. Жаратылыстың бастауы Chapter 17
  2. Забур жырлары Chapter 82
  3. Руларды санау Chapter 16
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 38
  5. Таңдауы ән Chapter 8
  6. Шежірелер 2-ж Chapter 25
  7. Забур жырлары Chapter 42

Related Chapters & Readings

  1. Нехемия Chapter 7
  2. Леуіліктер Chapter 15
  3. Ошия Chapter 5
  4. 2 Тімотеге Chapter 3
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 14
  6. Еврейлерге Chapter 3
  7. Жүніс Chapter 1
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *