Еврейлерге Chapter 6

For English

Read Еврейлерге Chapter 6 Online

Read Еврейлерге Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еврейлерге in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Еврейлерге and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Еврейлерге 6

Тарау 6

1. Сол себепті Мәсіхтің Ізгі хабарының ең бастапқы тәлімін былай қойып, одан бетер жетілу үшін алға басайық. Тағы да ең негізгі тақырыптарға: бізді рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан бас тартып, Құдайға сенім арту жайында,

2. шомылдыру рәсімі мен қол тигізіп бата беру жөнінде немесе өлгендердің қайта тірілуі және мәңгілік үкімделуі туралы тәлімдерге тоқталғымыз келмейді.

3. Құдай қаласа, енді әрі қарай жылжымақпыз.

4. Себебі кейбір адамдарды істегендеріне өкіндіріп, қайтадан Құдай жолына түсіру мүмкін емес: бір кезде жан дүниелері Тәңір Иенің нұрынан ағарған еді. Олар Оның көктен жіберген сыйының дәмін татып, Киелі Рухтан үлестерін алды.

5. Сондай-ақ, Құдай сөзінің игілігінің де, болашақ заманның құдіретінің де дәмін татып көрген болатын.

6. Алайда кейінірек олар тура жолдан безіп кетті! Мұндай адамдар өз еріктерімен Құдайдың рухани Ұлын тағы да айқышқа шегелеп тастағандай, жұрттың мазағына айналдырып жүр. Мұндай жағдайда оларды Құдай жолына қайтару мүмкін емес.

7. Егіндік жер жиі жауған жаңбырмен шөлін қандырып, өзін өңдеп, баптаған егіншінің игілігі үшін өнімін бергенде, Құдай оны жарылқайды.

8. Ал тікен мен ошаған шығаратын жер пайдасыз. Көп ұзамай егінші мұндай жерді үкімдеп, ақыры өртейді.

9. Ал, сүйікті бауырластарым, осыларды айтқанмен, сендердің бұдан жақсырақ жағдайда екендіктеріңе, яғни құтқарылуларыңды берік ұстанғандарыңа, көзіміз жетті.

10. Құдай әділетсіз емес қой: Ол жасаған игі істеріңді, өз адамдарына берген, әлі де беріп жатқан көмектерің арқылы Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды.

11. Әрқайсыларыңның үміттеріңді соңына дейін берік ұстануларың үшін де осындай ынта-жігер танытқандарыңды аңсап тілейміз.

12. Сонда сендер жігерсіз болмайсыңдар. Керісінше, сенім мен шыдамдылық көрсетіп, уәде етілген игіліктерді иемденгендерден үлгі аласыңдар.

13. Мысалы, Құдай Ыбырайымға уәде берді. Өзінен жоғары ешкім тұрмағандықтан, Құдай Өзінің атымен ант етіп

14. былай деді: «Саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, сенің ұрпақтарыңды сансыз көбейтемін».

15. Осылай Ыбырайым шыдамдылықпен күтіп, Құдайдың уәде еткендеріне ие болды.

16. Адамдар өздерінен жоғарының атымен ант береді. Сол арқылы айтқандарын бекітіп, күллі дау-дамайларын доғартады.

17. Сондықтан Құдай да Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, айтқандарын антпен бекітті.

18. Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге (Құдайдың уәдесі мен антына) сүйеніп, олардан зор күш-жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес қой. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Одан пана таптық.

19. Бұл үмітіміз — берік зәкір сияқты жанымыздың сенімді сүйеніші; ол көктегі киелі үйдің ішіндегі «шымылдықтың арт жағында» Құдайдың Өзімен бекітілген.

20. Сол жерге Исаның Өзі кіріп, осы арқылы бізге де сонда кіруге жол ашты. Себебі Иса — Мәліксадық сияқты тағайындалған мәңгілік Бас діни қызметкеріміз.

About Еврейлерге Chapter 6

Read Еврейлерге Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еврейлерге in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Еврейлерге
Chapter: 6
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Еврейлерге. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Еврейлерге Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Еврейлерге Chapter 6?

Еврейлерге Chapter 6 is part of the Book of Еврейлерге in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Еврейлерге Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from еврейлерге

  1. Еврейлерге Chapter 12
  2. Еврейлерге Chapter 11
  3. Еврейлерге Chapter 7
  4. Еврейлерге Chapter 5
  5. Еврейлерге Chapter 4
  6. Еврейлерге Chapter 1
  7. Еврейлерге Chapter 8

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Ғалаттықтарга Chapter 1
  2. Еврейлерге Chapter 5
  3. Аян Chapter 10
  4. Римдіктерге Chapter 12
  5. Матай Chapter 7
  6. Лұқа Chapter 21
  7. Аян Chapter 21

Related Chapters & Readings

  1. Езекиел Chapter 47
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 41
  3. Елшілердің істері Chapter 21
  4. Миха Chapter 3
  5. Нақыл сөздер Chapter 7
  6. Миха Chapter 7
  7. Ишая Chapter 49
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *