Read 2 Тімотеге Chapter 4 Online
Read 2 Тімотеге Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Тімотеге in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 2 Тімотеге and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
2 Тімотеге 4
Тарау 4
1. Құдай (Әке) алдында және қайтып келіп көрініп, Патшалық құрғанда тіріні де, өлгенді де соттайтын Иса Мәсіх алдында саған мықтап ескертемін:
2. Құдайдың сөзін уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл. Олардың қателерін әшкерелеп, тыйым сал, әрі жақсылыққа жігерлендіре тұрып, зор сабырлылықпен тәлім бер!
3. Себебі адамдар дұрыс тәлімді еш қабылдамайтын уақыт та туады. Олар жеке құмарлықтарының жетегінде кетіп, құлақтарына жағатындарды ғана айтатын тәлім берушілерді көптеп шақырып, соларды тыңдайтын болады.
4. Осылай олар шындыққа құлақ салмай, бос аңыздарға назар аудармақ.
5. Ал сен әрдайым қырағы, азапқа төзімді бол! Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқарып, қызметіңді орындай бер!
6. Менің қаным төгіліп құрбан болып, бұ дүниеден аттанатын кезім таяп қалды.
7. Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім», сенімімді сақтап қалдым.
8. Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.
9. Маған тезірек келуге тырыс.
10. Себебі Димас осы күнәкар дүниені жақсы көріп, мені тастап, Салониқа қаласына кетті. Кіріскент Ғалатияға, ал Тит Далматияға аттанды.
11. Жалғыз Лұқа ғана қасымда. Марқаны тауып бірге ала кел, өйткені ол қызметіме пайдалы болмақ.
12. Түхікті Ефеске жібердім.
13. Трояда Қарпостың үйіне тастап кеткен шапанымды, сондай-ақ, шиыршық кітаптарымды да ала кел, әсіресе, жарғаққа жазылғандарын.
14. Мыс шебері Ескендір маған көп жамандық жасады. Иеміздің Өзі оған істегендеріне лайықтысын қайтарар.
15. Ескендір айтқандарымызға тым қарсы шықты, сен де одан сақтанып жүр.
16. Алғашқы тергеліп, жауапталған кезімде қасымда жақтаған ешкім болмады, қайта, бәрі мені тастап кетті. Құдай олардың мұнысын мойындарына артпай-ақ қойсын!
17. Алайда Иеміз маған жар болып, әр ұлттық адамдардың естуі үшін Ізгі хабарды толықтай жариялауға күш-қуат беріп, мені арыстанның құлқынынан құтқарғандай, өлімнен аман алып қалды.
18. Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ. Оның ұлылығы мәңгі мадақтала берсін! Аумин.
19. Прискила мен Ақилаға, сондай-ақ Онисыфордың үй ішіне сәлем айт.
20. Ераст Қорынт қаласында қалды, Трофимды ауырғандықтан Мілит қаласында қалдырдым.
21. Қыс түспей келуге тырыс. Еубұл, Пұд, Лин, Клаудия және барлық басқа бауырластарымыз саған сәлем жолдап жатыр.
22. Жаратқан Ие жар болып, рухыңды жігерлендіре көрсін, Оның рақымы бәріңе де жауа берсін! (Аумин.)
About 2 Тімотеге Chapter 4
Read 2 Тімотеге Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Тімотеге in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: 2 Тімотеге
Chapter: 4
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 2 Тімотеге. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading 2 Тімотеге Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is 2 Тімотеге Chapter 4?
2 Тімотеге Chapter 4 is part of the Book of 2 Тімотеге in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete 2 Тімотеге Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from 2 тімотеге
Explore More from Жаңа өсиет
- Аян Chapter 22
- Еврейлерге Chapter 6
- Елшілердің істері Chapter 3
- Лұқа Chapter 5
- Матай Chapter 14
- Ефестіктерге Chapter 2
- Лұқа Chapter 2