Хаққай Chapter 1

For English

Read Хаққай Chapter 1 Online

Read Хаққай Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Хаққай in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Хаққай and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Хаққай 1

Тарау 1

1. Дарийдің (парсы патшалығына) билік жүргізген екінші жылының алтыншы айының бірінші күні Жаратқан Ие Яһуда аймағының әкімі Салатиел ұлы Зоробабелге және бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаға Өзінің Хаққай есімді пайғамбары арқылы сөзін арнап былай деді:

2. «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Бұл халық: «Жаратқан Иенің киелі үйін қайтадан салатын уақыт әлі келген жоқ!» деп жүр».

3. Сондықтан Жаратқан Ие Хаққай пайғамбар арқылы тағы мына хабарын да жіберді:

4. «Осы киелі үй әлі де қирап жатқанда сендерге іштері ағаш тақтайлармен қапталған сәулетті үйлерде тұратын уақыт па?!»

5. Әлемнің Иесі енді мынаны айтады: «Істеген іс-әрекеттеріңе ден қойып, ойланып алыңдар!

6. Сендер көп еккенмен аз жинайсыңдар, тамақ жегенмен қарындарың тоймайды, сусын ішкенмен шөлдерің қанбайды, киім кигенмен жылынбайсыңдар, жалақы алғанмен оларың тесік қалтаға кетіп жатқандай болады».

7. Сол себепті Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: «Істейтін іс-әрекеттеріңе ден қойып, ойланып алыңдар!

8. Тауға шығып, бөренелер тасып әкеліп, киелі үйді қайтадан салыңдар! Осылайша Мен риза болып, атақ-даңқым жайылады, — деп бұйырады Жаратқан Ие. —

9. Сендер мол өнім күткенмен, онысы аз болды. Ал үйлеріңе алып келгендеріңді Мен ұшырып жібердім. Неліктен? — деп сұрайды Әлемнің Иесі. — Менің киелі үйім қирап жатқанда сендер әрқайсың өз үйлеріңді сәндеп салуға асыққандарың себепті!

10. Сондықтан да аспанның шығы әрі жердің өнімі сендерге берілмей келеді.

11. Мен жерлеріңдегі дала мен қыратқа қуаңшылық жібердім. Соның кесірі астық, жүзім шырыны мен зәйтүн майына, жалпы, жер беретін өнімнің барлығына әрі адамдар мен малға да тиді. Содан сендердің істеген барша еңбектерің құр бекер болуда».

12. Сонда Яһуданың әкімі Салатиел ұлы Зоробабел, бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуа және халықтың тірі қалғандарының барлығы олардың Құдайы Жаратқан Иенің Хаққай пайғамбар арқылы айтқандарына құлақ асты. Өйткені оны жіберген — олардың Құдайы Жаратқан Иенің Өзі болатын. Содан халық Жаратқан Иені терең қастерлей бастады.

13. Мұнан кейін Жаратқан Иенің хабаршысы Хаққай халыққа Оның мына уәдесін жеткізді: «Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! — дейді Жаратқан Ие». —

14. Осылай Жаратқан Ие Яһуданың әкімі Зоробабелдің, бас діни қызметкер Ешуаның және қалған барлық халықтың рухын оятып, оларға қайрат-жігер дарытты. Сонда олар өздерінің Құдайы — Әлемнің Иесінің киелі үйіне барып, оны қайта салу жұмысына кірісті.

15. Бұл, Дарийдің патшалық құрған екінші жылының алтыншы айының жиырма төртінші күні болатын.

About Хаққай Chapter 1

Read Хаққай Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Хаққай in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Хаққай
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Хаққай. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Хаққай Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Хаққай Chapter 1?

Хаққай Chapter 1 is part of the Book of Хаққай in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Хаққай Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from хаққай

  1. Хаққай Chapter 2

Related Chapters & Readings

  1. Мысырдан шығу Chapter 25
  2. Мысырдан шығу Chapter 31
  3. Әйүп Chapter 21
  4. Еремия Chapter 25
  5. Ешуа Chapter 17
  6. Жоел Chapter 3
  7. Забур жырлары Chapter 15
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *