Read Естер Chapter 6 Online
Read Естер Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Естер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Естер and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Естер 6
Тарау 6
1. Сол түні патшадан ұйқы қашты. Сондықтан ол болған оқиғалар баяндалып сақталатын жылнама кітабын әкелуді бұйырды. Хатшы патшаға сол кітаптан оқып берді.
2. Сонда кіреберісті күзеткен Бигтана мен Тәреш есімді екі сарай қызметкерінің қаскүнемдігін Мардохайдың әшкерелегені туралы жазылған баяндама табылды. Сол екеуі Ахасуер патшаның көзін құртуды ойластырған болатын.
3. Соңында патша: — Сол Мардохайға осы үшін қандай сый-құрмет көрсетілді? — деп сұрады. Патшаның қасында қызмет көрсететін жас малайлары: — Оған ештеңе де істелген жоқ, — деп жауап берді.
4. Патша: — Аулада кім бар? — деген сауал қойды. Сол кезде Хаман енді ғана патша сарайының сыртқы ауласына кіріп келген болатын. Ол Мардохайды өзі құрғызып қойған дарға асу туралы патшамен сөйлеспек еді.
5. Жас малайлары патшаға: — Хаман аулада тұр, — деп мәлімдеді. Патша: — Кірсін! — деп бұйырды.
6. Осылай Хаман кірді. Патша оған мына сұрақты қойды: — Патша құрмет көрсетпек болған адамға не істелуі керек? — Хаман ішінен: «Патша менен басқа кімге құрмет көрсетуді қалар еді?» — деп ойлады.
7. Сондықтан ол былай деп жауап берді: — Патша құрмет көрсетпек болған адамға арнап
8. патшаның өзі киген арнайы шапаны, патшаның өзі мінген, басына патшалық әшекей орнатылған тұлпары әкелінсін.
9. Сол шапан мен ат патшаның ең жоғары лауазымды әміршілерінің біріне табыс етілсін. Әмірші патша құрмет көрсетпек болған адамды киіндіріп, тұлпарға мінгізіп, қаланың алаңымен жетелеп алып жүрсін. Сондай-ақ, оның алдында жүріп: «Патша құрмет көрсетпек болған адамға осылай істеледі!» деп жар салатын болсын. —
10. Патша Хаманға: — Сен дереу өзің айтқандай шапан мен тұлпарды ал да, патша сарайының қақпасында қызмет ететін Мардохай есімді яһудиге осылардың бәрін істе! Барлық айтқандарыңның бірде-біреуін ұмыт қалдырма! — деп тапсырды.
11. Сонда Хаман шапан мен тұлпарды алып, Мардохайды киіндіріп, атқа мінгізіп, қаланың алаңымен жетелеп алып жүрді. Оның алдында жүріп: «Патша құрмет көрсетпек болған адамға осылай істеледі!» — деп жар салды.
12. Бұдан соң Мардохай патша сарайының қақпасына қайтты. Ал Хаман қатты түңіліп бетін бүркеп алып үйіне асығып барды да,
13. әйелі Зереш пен күллі достарына болған істі айтып берді. Сонда оның данышпан кеңесшілері мен әйелі Зереш былай деді: «Сен оның алдында төмендетіле бастаған сол Мардохай шынымен яһуди тұқымынан болса, оны жеңе алмайсың. Қайта, өзің оның алдында құлайсың!»
14. Олар әлі сөйлесіп тұрғанда, патшаның сарай қызметкерлері келіп, Хаманды Естер дайындаған қонақасына асықтырып алып кетті.
About Естер Chapter 6
Read Естер Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Естер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Естер
Chapter: 6
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Естер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Естер Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Естер Chapter 6?
Естер Chapter 6 is part of the Book of Естер in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Естер Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from естер
- Естер Chapter 2
- Естер Chapter 3
- Естер Chapter 8
- Естер Chapter 7
- Естер Chapter 9
- Естер Chapter 6
- Естер Chapter 10