Езра Chapter 5

For English

Read Езра Chapter 5 Online

Read Езра Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езра in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езра and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Езра 5

Тарау 5

1. Сол кезеңде Хаққай пайғамбар және Иддоның ұрпағы Зәкәрия пайғамбар Яһуда мен Иерусалимдегі яһудилерге Құдайдың хабарларын жеткізіп жүрді. Олар мұны Исраилдің үстінен билік құрған Құдайының атынан істеді.

2. Сонда Салатиел ұлы Зоробабел және Ехосадық ұлы Ешуа қайтадан іске кірісіп, Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінің құрылысын жалғастырды. Құдайдың пайғамбарлары қастарында бірге болып, оларды қолдап жүрді.

3. Сол уақытта Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және олардың қызметтестері яһудилерге келіп, мынадай сауал қойды: «Осы үйді салып, құрылысын бітіріп қалпына келтіруге сендерге кім бұйрық берді?» —

4. Олар ғимараттың құрылысына қатысқан адамдардың аты-жөндерін де сұрастырып біліп алды.

5. Алайда Құдай яһудилердің ақсақалдарына көз қырын салып қамқор болды. Сондықтан әмірші Дарий патшаға мәлімет хат жіберіп, соған жазбаша жауап қайтып келгенше, яһудилердің жұмысын тоқтатқан жоқ.

6. Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және олардың қызметтестері — Батыс Евфрат аймағының басқа да лауазым иелері Дарий патшаға жіберген сол мәлімет хаттың мазмұны төмендегідей болды.

7. Олар патшаға былай деп баяндады: «Дарий патша ағзамға дұғай сәлем!

8. Патшамыз мынау туралы хабардар болса екен. Біз Яһуда аймағына, ұлы Құдайдың сондағы киелі үйіне бардық. Жұмысшылар сол үйдің қабырғаларын қашалған тастан қаластырып, бөренелермен бекітіп салуда. Жұмыс зор ынтамен істеліп, тез алға басып жатыр.

9. Біз ақсақалдарына: «Осы үйді салып, құрылысын бітіріп қалпына келтіруге сендерге кім бұйрық берді?» деген сауал қойдық.

10. Сонымен қатар өзіңізге жіберу үшін басшыларының аты-жөндерін де сұрастырып біліп, жазып алдық.

11. Олардың берген жауабы мынау: «Біз көк пен жердің Құдайының қызметшілеріміз. Бұдан көп жыл бұрын салынған осы үйді қайта тұрғызып жатырмыз. Исраилдің бір ұлы патшасы оны салып кеткен болатын.

12. Алайда ата-бабаларымыз көктегі Құдайды қаһарландырды. Сондықтан Ол соларды Бабыл патшасы — халдейлік Набуходоносордың қолына тапсырды. Сол патша осы үйді қиратып, халықты Бабылға жер аударып әкетті.

13. Ал Кир патша өзінің Бабылға билік құрған бірінші жылы Құдайдың осы киелі үйін қайта тұрғызу туралы жарлық шығарды.

14. Бұған қоса Набуходоносор кезінде Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінен алып, Бабылдағы ғибадатханаға әкеткен алтын-күміс бұйымдарды Кир патша енді сол ғибадатханадан шығартып алды. Оларды өзі Яһуда аймағының әкімі етіп тағайындаған Шешбасар есімді адамға табыстады.

15. Кир патша Шешбасарға былай деп тапсырды: Иерусалимдегі Құдайдың киелі үйін өзінің бұрынғы орнына қайтадан сал! Мына бұйымдарды алып, сол ғибадатханаға апарып қой!

16. Осылай Шешбасар Иерусалимге келіп, Құдайдың киелі үйінің негізін қайтадан қалады. Мына ғимарат сол кезден бері салынып келе жатыр, ол әлі күнге дейін біткен жоқ».

17. Сондықтан егер патша ағзам мақұл көрсе, Бабылдағы патшалық қазынасынан іздестіріп, Кир патшаның Иерусалимдегі Құдайдың киелі үйін қайтадан салуға жарлық шығарғанын анықтатса екен. Содан соң патша ағзам өзінің осы мәселе бойынша жасаған шешімін бізге жолдаса игі болар еді».

About Езра Chapter 5

Read Езра Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езра in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Езра
Chapter: 5
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езра. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Езра Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Езра Chapter 5?

Езра Chapter 5 is part of the Book of Езра in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Езра Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from езра

  1. Езра Chapter 3
  2. Езра Chapter 4
  3. Езра Chapter 2
  4. Езра Chapter 8
  5. Езра Chapter 10
  6. Езра Chapter 7
  7. Езра Chapter 9

Explore More from Ескі өсиет

  1. Патшалықтар 2-ж Chapter 15
  2. Забур жырлары Chapter 34
  3. Ешуа Chapter 21
  4. Жаратылыстың бастауы Chapter 8
  5. Таңдауы ән Chapter 8
  6. Ишая Chapter 2
  7. Нақыл сөздер Chapter 8

Related Chapters & Readings

  1. Еремия Chapter 46
  2. Руларды санау Chapter 30
  3. Ошия Chapter 12
  4. Забур жырлары Chapter 127
  5. Патшалықтар 2-ж Chapter 14
  6. Забур жырлары Chapter 65
  7. Матай Chapter 11
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *