Read Філіпіліктерге Chapter 4 Online
Read Філіпіліктерге Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Філіпіліктерге in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Філіпіліктерге and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Філіпіліктерге 4
Тарау 4
1. Сонымен, сүйікті бауырластарым, Иемізбен байланыста берік тұрыңдар! Сендерді жақсы көремін, сағынып та жүрмін. Менің қуанышым, «бәйгелік тәжім» сендерсіңдер ғой.
2. Еуодия мен Сүнтүхе екеуін де Иемізбен жүргендер ретінде өзара татуласуға шақырамын.
3. Иә, адал серігім, сенен де сұраймын: осы екі әйелге көмек көрсетші. Олар Ізгі хабарды таратудағы күресіме ортақтасып, Кілемент пен өзге қызметтестеріммен де бірге істесті. Солардың есімдері көктегі Мәңгілік өмір кітабына жазылып қойылған.
4. Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!
5. Сендердің кішіпейіл екендеріңді елдің бәрі көре алсын. Иеміз қастарыңда ғой.
6. Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
7. Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
8. Сонымен, бауырластарым, күллі шынайы да қастерлі, әділ де таза, ұнамды да тартымды нәрселер, яғни қандай да адамгершілік және мақтауға тұрарлық қасиет болмасын, солар туралы ойлана беріңдер!
9. Менен үйреніп, қабылдаған тәлімді әрі өмірімнен көріп, естігендеріңді іске асыра беріңдер! Сонда тыныштықтың қайнар көзі — Құдай сендерге жар болады.
10. Сендердің тағы да қамымды ойлай бастағандарыңа Иемізге шүкірлік етіп қатты қуанамын. Әрине, мені бұл жағынан естен шығарған жоқсыңдар, алайда оған жағдайларың мүмкіндік бермеген еді.
11. Мұны бір нәрсе қажет болғандықтан айтып тұрған жоқпын. Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім.
12. Жоқшылықта да, молшылықта да өмір сүре аламын. Мен не тоя тамақ жейін, не аш жүрейін, молшылықта немесе мұқтаждықта болайын, қай жағдайда да қанағат етудің құпиясымен жақсы танысып алдым.
13. Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
14. Дегенмен, қиын-қыстау жағдайыма ортақтасқандарың бір ғанибет болды.
15. Қымбатты філіпіліктер, өздерің де білесіңдер: мен алғаш рет Ізгі хабарды сендерге жеткізіп, содан кейін Македония өлкесінен кеткенімде, маған басқа бір қауым емес, сендер ғана игіліктер жіберіп, Құдайдың жарылқауын қабылдауда ортақтастыңдар.
16. Әлі Салониқада жүргенімде де сендер маған бірнеше рет қажетімді жеткізіп тұрдыңдар.
17. Сендерден сәлем-сауқат дәметпеймін, менің үміттенетінім — осылар үшін өздеріңе қайтатын жарылқау мен сауап.
18. Сендер жібергендердің бәрін де алдым, енді артығымен жетіп жатыр. Епафродит сәлемдемелеріңді әкеліп бергелі қажетті нәрселерім ағыл-тегіл. Олар — Құдай ұнатып қабылдайтын хош иісті тартулар мен құрбандық іспетті.
19. Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
20. Құдай Әкеміздің ұлылығы мәңгілік мадақтала берсін! Аумин.
21. Мәсіх Исаның арқасында Құдайдікі болғандардың бәріне сәлемімізді жеткізіңдер. Қасымыздағы бауырластар да сәлем айтуда.
22. Сендерге Құдайдың мұндағы адамдары түгелдей, әсіресе патша сарайындағылар, сәлем айтады!
23. Лайым жан дүниелерің Иеміз Иса Мәсіхтің рақымына кенеле берсін! Аумин.
About Філіпіліктерге Chapter 4
Read Філіпіліктерге Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Філіпіліктерге in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Філіпіліктерге
Chapter: 4
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Філіпіліктерге. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
- 📱 Hindi Android Bible App
- 📱 Hindi Christian Songs from waytochurch
- 📖 Read on Malayalam Christian Songs – madely
Continue Reading the Bible
Continue reading Філіпіліктерге Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Філіпіліктерге Chapter 4?
Філіпіліктерге Chapter 4 is part of the Book of Філіпіліктерге in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Філіпіліктерге Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 9
- Жохан Chapter 4
- Жохан Chapter 1
- Жохан Chapter 8
- Жохан Chapter 7
- Жохан Chapter 6
- Жохан Chapter 5