Read Амос Chapter 7 Online
Read Амос Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Амос in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Амос and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Амос 7
Тарау 7
1. Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі көрсетті: Ол шегіртке үйірлерін жасап шығарды. Бұл патшаның өнімі жиналып болып, одан кейінгі өнім көктеп шыға бастаған кезде болды.
2. Шегірткелер бүкіл елдегі көкті жеп қойғанда мен: — Уа, Жаратушы Тәңір Ие, бізді кешіре гөр! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым.
3. Сонда Жаратқан Ие райынан қайтып: — Жарайды, бұлай істемеймін! — деп шешті.
4. Содан соң Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі көрсетті: Тәңір Ие елді жазалау үшін от лаулатты. Сол от үлкен де терең теңізді және елдегі егістіктерді жалмап қойды.
5. Сонда мен: — Уа, Жаратушы Тәңір Ие, тоқтата көрші! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым.
6. Сонда Жаратқан Ие райынан қайтты. — Жарайды, бұлай да істемеймін! — деп шешті Жаратушы Тәңір Ие.
7. Ол маған тағы мына көріністі көрсетті: Жасаған Ие бір тік қабырғаның жанында тұр екен. Қолында тік бағытты көрсететін, ұшына бір кесек қорғасын байланған тіктеуіш жіп бар еді.
8. Жаратқан Ие менен: — Не көріп тұрсың, Амос? — деп сұрады. Мен: — Тіктеуіш жіпті, — дедім. Сонда Жасаған Ие маған тіл қатып былай деді: — Мен тіктеуіш жіпті өз халқым Исраилдің ортасына орнатамын. Бұдан былай Мен олардың күнәларына шыдамдылық көрсетпеймін!
9. Ысқақтың үрім-бұтағының биіктеу жерлердегі табыну орындары қаңырап бос қалады, Исраил елінің киелі табыну орындары ойрандалады! Сонда Мен семсермен Еробоғам патшаның әулетіне қарсы шығамын!
10. Ал Бетелдегі табыну орнының діни қызметкері Амасиях Солтүстік Исраилдің патшасы Еробоғамға мынадай хабар жіберді: — Амос Солтүстік Исраил халқының дәл ортасында сізге қарсы үгіт жүргізіп жатыр! Біздің еліміз оның айтқан барлық сөздеріне төзе алмайды.
11. Өйткені Амос: «Еробоғам семсерден қаза тауып, Исраил халқы еш шүбәсіз өз елінен жер аударылады!» деп жүр.
12. Мұнан кейін Амасиях Амосқа былай деді: — Ей, көріпкел, бар! Яһуда еліне қашып кет! Наныңды сонда тауып же, пайғамбарлық сөзіңді сол жерде айт!
13. Ендігәрі Бетелде пайғамбарлық сөз айтушы болма! Бетел — патшаның сиынатын киелі жері әрі бүкіл патшалықтың құлшылық ететін үйі! —
14. Бірақ Амос Амасияхқа былай деп жауап берді: — Мен жай пайғамбар емеспін, пайғамбардың шәкірті де болған емеспін. Мен мал бағып, тұт ағаштарын өсіріп, жемістерін жинаумен айналысатынмын.
15. Ал Жаратқан Ие мені отардың соңынан шақырып алып, «Барып, халқым Исраилге Менің хабарымды жеткіз!» деп тапсырма берді.
16. Ал енді, Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Сен Маған: «Солтүстік Исраилге қарсы пайғамбарлық сөз айтпа! Ысқақтың үрім-бұтағына қарсы сөйлеме!» дейсің.
17. Сол үшін Жаратқан Ие саған мынаны айтады: «Сенің әйелің қалада жезөкше болып, ұл-қыздарың семсерден қаза табады. Жеріңді басқалар өлшеуіш жіппен өлшеп бөлісіп алады. Ал сен өзің болсаң, жат жерде өлесің. Солтүстік Исраилдің бүкіл халқы өз елінен жер аударылып кетеді!»
About Амос Chapter 7
Read Амос Chapter 7 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Амос in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Амос
Chapter: 7
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Амос. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Амос Chapter 7 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Амос Chapter 7?
Амос Chapter 7 is part of the Book of Амос in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Амос Chapter 7 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from амос
Explore More from Ескі өсиет
- Естер Chapter 5
- Забур жырлары Chapter 94
- Заңды қайталау Chapter 25
- Ишая Chapter 58
- Забур жырлары Chapter 105
- Патшалықтар 1-ж Chapter 21
- Забур жырлары Chapter 145