Езра Chapter 4

For English

Read Езра Chapter 4 Online

Read Езра Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езра in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езра and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Езра 4

Тарау 4

1. Ал исраилдік Яһуда мен Бунямин руларының дұшпандары да болды. Олар жер аударылудан қайта оралған халықтың Исраилдің Құдай Иесіне арнап ғибадатхана сала бастағанын естіді.

2. Осы дұшпандар Зоробабелге және исраилдік әулет басшыларына келіп, оларға былай деді: — Осы құрылысқа сіздермен бірге қатысайықшы! Себебі өздеріңіз сиынатын Құдайға біз де сіздер секілді сиынамыз. Ассур патшасы Асардан бізді осы жерге көшіріп әкелген уақыттан бері, Құдайға арнап құрбандық шалып келеміз. —

3. Бірақ Зоробабел, Ешуа және исраилдік әулет басшылары оларға: — Құдайымызға арналған ғибадатхананы салу ісіне бізбен бірге қатысуға құқықтарыңыз жоқ. Парсы патшасы Кир өзімізге бұйырғандай, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге арнап киелі үйді тек өзіміз ғана саламыз! — деп жауап берді.

4. Сонда елде тұрып жатқан сол бөтен ұлттықтар құрылыс жұмысын тоқтатпақ болып, Яһуда халқын түңілдіріп, қорқытып-үркіте бастады.

5. Олар Яһуда халқының жоспарларын бұзу үшін оларға қарсы арнайы кеңесшілерді жалдап алып жүрді. Бұл әрекеттері парсы патшасы Кирдің бүкіл заманында, тіпті парсы патшасы Дарийдің таққа отырған кезіне дейін ұласты.

6. Бірнеше жылдан соң, Ахасуер патша билік құра бастаған кезде, Яһуда халқының дұшпандары патшаға Яһуда мен Иерусалимнің тұрғындарын айыптап хат жазды.

7. Осыдан кейін, Артақсерікс парсы еліне патшалық құрып тұрған заманда да, Бишлам, Митредат, Табеил және олардың қызметтестері арамей тілінде жазылған төмендегі хатты жіберді. Хат патша үшін (парсы тіліне) аударылды.

8. Әмірші Рехум және хатшы Шимшай Артақсерікс патшаға Иерусалим үстінен шағымданған бір хатты салып жіберді.

9. Олар сол хатты әмірші Рехум, хатшы Шимшай және өздерінің қызметтестері — төрешілер мен әкімдердің атынан жазды. Осы қызметкерлер Тарпел, Персия, Ерех, Бабыл, Сузы, Дехай және Елам аймақтарынан жер аударылып келгендердің үстінен қарайтын.

10. Ұлы да даңқты Аснапар патша кезінде жер аударып, Самарияға және Батыс Евфрат өлкесіндегі өзге жерлерге қоныстандырған басқа ұлттардың адамдары да сол қызметкерлердің қарамағында болды.

11. Осы қызметкерлер жолдаған хаттың көшірмесі төмендегідей: «Артақсерікс патша ағзамға Батыс Евфрат өлкесіндегі қызметкерлерінен сәлем!

12. Патша ағзам мынаны білсе екен: Сіздің жағыңыздан бізге өрлеп көшіп келген яһудилер Иерусалимге барды. Олар сол бір зұлым да қыңыр қаланы қайтадан салып, қабырғаларын қалпына келтіріп, негіздерін нығайтып жөндеп жатыр.

13. Патша мынадан да хабардар болсын: Егер сол қала қайта тұрғызылып, қабырғалары бекітіліп бітсе, онда олар не ақшалай, не заттай алым-салық, не кеден салығын мүлдем төлемей қояды. Содан патша қазынасының кірісі азаятын болады.

14. Патшаның алдында біздің борышымыз бар, әрі патшаның абыройына қандай да дақ түсуіне жол берсек, сол дұрыс болмас еді. Сондықтан бұл хатты жіберіп, патшаға мәлімдеп отырмыз.

15. Осы мәселе туралы ата-бабаңыздың жылнамаларынан іздестірсеңіз екен. Сол кітаптардан осы қаланың бас көтергіш қала екеніне, әрі оның патшалар мен аймақтарға көп зиян келтіргеніне көзіңіз жететін болады. Ежелгі заманнан бері бұл қаладағылар бүлік шығарып келген еді. Сондықтан да қала қиратылып, қаңырап бос қалдырылды.

16. Сонымен патшаға білдірмек болғанымыз мынау: егер сол қала қайта тұрғызылып, қабырғалары бекітіліп жөнделсе, онда Сіз түбінде Батыс Евфрат өлкесіндегі бүкіл иеліктеріңізден де айырылып қалып жүрерсіз».

17. Патша бұған мынадай жауап жолдады: «Әмірші Рехумге, хатшы Шимшайға және Самария мен Батыс Евфрат өлкесінде тұрып жатқан олардың қызметтестеріне сәлем.

18. Өздерің жолдаған хаттарың мұқият аударылып, маған оқылғаннан кейін,

19. менің бұйрығыммен (жылнамаларда) тексеріс жасалды. Осы қаланың ежелден бері патшаларға қарсы шығып, оның ішінде көтеріліс пен бүліктің болып келгені анықталды.

20. Кезінде Иерусалимнің бүкіл Батыс Евфрат өлкесіне билік жүргізген құдіретті патшалары болғаны, оларға ақшалай және заттай алым-салықтар мен кеден салығының төленгені де белгілі болды.

21. Сондықтан сол адамдарға: «Жұмысты тоқтатыңдар! Мен арнайы жарлық шығармайынша қала қайта тұрғызылмасын!» деген бұйрық беріңдер!

22. Бұл іске ешкімнің немқұрайды қарамауын қадағалаңдар! Әйтпесе патшаның мүддесіне зиян келтіре алатын қауіп төніп тұр ғой».

23. Артақсерікс патшаның осы хатының көшірмесі Рехумге, хатшы Шимшайға және олардың қызметтестеріне оқыла салысымен-ақ, олар дереу Иерусалимдегі яһудилерге барып, жұмысты күштеп тоқтатқызып тастады.

24. Сонымен Иерусалимде Құдайдың киелі үйінің құрылысы доғартылды. Ол парсы патшасы Дарийдің билік жүргізген екінші жылына дейін тоқтап тұрды.

About Езра Chapter 4

Read Езра Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езра in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Езра
Chapter: 4
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езра. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Езра Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Езра Chapter 4?

Езра Chapter 4 is part of the Book of Езра in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Езра Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from езра

  1. Езра Chapter 5
  2. Езра Chapter 3
  3. Езра Chapter 2
  4. Езра Chapter 10
  5. Езра Chapter 8
  6. Езра Chapter 7
  7. Езра Chapter 1

Explore More from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 14
  2. Патшалықтар 4-ж Chapter 18
  3. Патшалықтар 2-ж Chapter 13
  4. Шежірелер 1-ж Chapter 17
  5. Забур жырлары Chapter 27
  6. Әйүп Chapter 37
  7. Еремия Chapter 5

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 15
  2. Ошия Chapter 13
  3. Мысырдан шығу Chapter 25
  4. Жүніс Chapter 4
  5. Ишая Chapter 23
  6. Руларды санау Chapter 32
  7. Заңды қайталау Chapter 8
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *