Read Қолостықтарга Chapter 4 Online
Read Қолостықтарга Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Қолостықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Қолостықтарга and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Қолостықтарга 4
Тарау 4
1. Қожайындар, қызметшілеріңді тиісті нәрселермен қамтамасыз етіп, әділ болыңдар! Өйткені көкте сендердің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер.
2. Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер!
3. Біз үшін де мінажат етіңдер: Құдай өз хабарын уағыздауымызға жол аша көрсін, осылай Мәсіх туралы құпияны жариялай алайық. Сол үшін де бұғауда отырмын.
4. Менің тиісті түрде бұл хабарды ашық айта алуым үшін де Құдайға сиыныңдар.
5. Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар!
6. Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
7. Адал көмекшім әрі Иемізге бірге қызмет етуші, сүйікті бауырласымыз Түхік сендерге мен туралы бәрін хабарламақ.
8. Оны сол мақсатпен жіберіп отырмын, ол жағдайларыңның қалай екенін көріп, жүректеріңді жігерлендірмек.
9. Онымен бірге сүйікті де адал бауырласымыз әрі сендердің жерлестерің — Онисым да барады. Бұл жердегі болып жатқан жағдайды Түхік екеуі сендерге толық айтып береді.
10. Менімен бірге тұтқында отырған Арыстарқ, сондай-ақ Барнабаның жиен інісі Марқа сендерге сәлем жолдайды. Марқа жайлы ерекше нұсқау алдыңдар: ол сендерге барса, жылы қабылдаңдар!
11. Иуст деп аталатын Иса да сәлем айтады. Яһудилердің ішіндегі осы үшеуі ғана Құдай Патшалығы үшін қызметтестерім болып жүр; бұлар маған нағыз жұбаныш.
12. Мәсіх Исаның қызметшісі әрі сендердің жерлестерің — Епафрас та сәлем айтып отыр. Ол сендердің рухани жағынан жетіліп, берік сеніммен Құдайдың бүкіл еркін орындауларың үшін үздіксіз мінажат етіп күресуде.
13. Оның сендерді және Лаудіки мен Иераполдағы бауырластарды қатты уайымдап жүргеніне куәмін.
14. Сүйікті дәрігер Лұқа да, Димас та сәлем жолдайды.
15. Лаудікидегі бауырластарымызға, әсіресе Нүмфан мен оның үйінде жиналатын қауымға, сәлем айтыңдар.
16. Сендер осы хатты оқып болған соң, оны әрі қарай Лаудікидегі қауымға беріңдер, оларға жазған хатымды да оқыңдар.
17. Арқыпқа: «Иеміз саған міндеттеген қызметіңді адал атқаруға ықылас сал!» деген сәлемімізді жеткізіңдер.
18. Енді мен, Пауыл, сендерге өз қолыммен сәлем жазып отырмын. Бұғауда екенімді естеріңде ұстаңдар! Лайым Құдай сендерге жар болып, рақымын жаудыра көрсін! (Аумин.)
About Қолостықтарга Chapter 4
Read Қолостықтарга Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Қолостықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Қолостықтарга
Chapter: 4
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Қолостықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Қолостықтарга Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Қолостықтарга Chapter 4?
Қолостықтарга Chapter 4 is part of the Book of Қолостықтарга in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Қолостықтарга Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 4
- Жохан Chapter 1
- Жохан Chapter 9
- Жохан Chapter 8
- Жохан Chapter 7
- Жохан Chapter 3
- Жохан Chapter 5