Read 2 Петірдің Chapter 1 Online
Read 2 Петірдің Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Петірдің in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 2 Петірдің and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
2 Петірдің 1
Тарау 1
1. Иса Мәсіхтің басыбайлы қызметшісі және елшісі Шимон Петірден ортақ сеніміміздегілердің бәріне дұғай сәлем. Осы аса құнды сенім бізге берілгендей, сендерге де Құдайымыз бен Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің әділдігіне сай сыйға берілді.
2. Лайым сендер Құдай мен Иеміз Исаны бұрынғыдан да жақынырақ танып білгендерің арқылы сендерге рақым, амандық және тыныштық молынан жауа берсін!
3. Құдай бізді құдіретті күшімен және Оны жақыннан танып білуіміз арқылы Өзіне ұнамды жаңа өмір сүруімізге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етті. Ол бізді Өзінің ұлы да ізгілікті болмысы арқылы меншікті халқы болуға шақырады.
4. Өзінің болмысы сондай ұлы әрі ізгілікті болғандықтан, Құдай бізге аса құнды да тамаша уәделерін берді. Бұл уәделерінің арқасында сендер Құдайдың әділ болмысын бөлісіп, арам құмарлықтарға салынбай, осы күнәкар дүниелік адамдардың азғындығынан аулақ жүріп құтыла аласыңдар.
5. Сол себептен де мына қасиеттерге кенелуге бар ынталарыңмен ұмтылыңдар: сенімдеріңде ізгілік көрсетіңдер, ал ізгілік көрсеткенде саналылық та танытыңдар,
6. саналылықтарыңда ұстамдылық та молынан болсын! Ал ұстамдылықтарыңда төзімділік, төзімділіктеріңде Тәңір Иеге бағышталғандық,
7. Тәңір Иеге бағышталғандықтарыңда бауырластарыңа деген ізгі ниеттілік, ал ізгі ниеттіліктеріңде шынайы сүйіспеншілік танытыңдар!
8. Егер осы қасиеттер сендердің бойларыңда болса және молая түссе, онда рухани өмірлерің пайдасыз, өнімсіз болып қалмайды, керісінше, Иеміз Иса Мәсіхті жақынырақ танып біле бересіңдер.
9. Ал кімде бұл қасиеттер жетілмесе, сол алыстан көрмейтінге, тіпті соқырға ұқсайды. Сондай кісі өзінің өткен кезеңдердегі (Мәсіхке сеніп) күнәларынан тазарғанын ұмытқан.
10. Сондықтан да, бауырластарым, Құдайдың өздеріңді меншікті халқы болуға шақырып, таңдап алғандығын өмірлеріңмен нық бекітуге ынтамен ұмтылыңдар! Егер солай істесеңдер, ешқашан да тура жолдан тайып кетпейтін боласыңдар.
11. Осылайша сендерге Иеміз бен Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің мәңгілік Патшалығының «қақпасы» айқара ашылып, оған емін-еркін кіресіңдер.
12. Сол себепті, сендер осы айтқандарымды білсеңдер де, қабылдаған шынайы ілімді берік ұстансаңдар да, мен оларды бәрібір ұдайы естеріңе салып отырмақпын.
13. Мен әлі де осы тәндік «шатырда» тұрғанымда, соларды естеріңе түсіріп, рухани дамуларыңа қозғау салып отыруды дұрыс деп санаймын.
14. Иеміз Иса Мәсіх өзіме анық білдіргеніндей, жуырда осы тәндік денемді тастайтыным маған белгілі.
15. Сондықтан мен бұ дүниеден аттанғаннан кейін де сендер сол айтқандарымды әрдайым есте сақтауларың үшін қолымнан келгеннің бәрін де істеймін.
16. Біз сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің зор құдіретпен қайта оралуы туралы білдіргенде, қулықпен қиыстырылған аңыз-ертегілерге сүйенген жоқпыз. Керісінше, біз Иеміздің салтанатты ұлылығын өз көзімізбен көрген куәгерлер болған едік.
17. Сол кезде шексіз ұлылықтың Иесі, Құдай Әке, Мәсіхке арнап: «Бұл — Менің сүйікті Ұлым, Мен Оған ризамын», — деп дауыстап, Оны құрмет пен салтанатты ұлылыққа кенелтті.
18. Біз Иеміз Иса Мәсіхпен бірге қасиетті тауда болғанда, көктен шыққан осы дауысты естідік.
19. Сонымен қатар, біздерде пайғамбарлардың жазып қалдырған нық сенімді сөздері бар ғой. Бұларға көңіл бөлсеңдер, жақсы болады. Сол сөздер қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шыраққа» ұқсайды. Таң атып, шолпан жұлдызының пайда болатынындай, ақырында Мәсіх көктен қайтып келіп, жүректеріңе толық түсінік құятын болады.
20. Ең бастысы, Киелі жазбалардағы пайғамбарлар сөздерінің ешқайсысы да пайғамбардың жеке түсінігі бойынша туындамағанын біліңдер.
21. Себебі бұл пайғамбарлық сөздер ешқашан адам баласының қалауымен пайда болған емес. Қайта, Киелі Рух Құдайға бағышталған адамдарға Оның хабарларын айтуға қозғау салып отырды.
About 2 Петірдің Chapter 1
Read 2 Петірдің Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Петірдің in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: 2 Петірдің
Chapter: 1
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 2 Петірдің. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading 2 Петірдің Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is 2 Петірдің Chapter 1?
2 Петірдің Chapter 1 is part of the Book of 2 Петірдің in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete 2 Петірдің Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from 2 петірдің
Explore More from Жаңа өсиет
- Аян Chapter 5
- Аян Chapter 6
- Аян Chapter 7
- Матай Chapter 12
- Матай Chapter 9
- Ефестіктерге Chapter 5
- Римдіктерге Chapter 1